08.09.2016, 10:02 2218

Нидерланд мемлекетінде өткен ІҮ Дипломатиялық мәдениеттер фестивалініӊ аясында Қазақстан павильоныныӊ таныстырылымы өтті

Павильонды Нидерландыдағы ҚР Елшілігі ұйымдастырды. Онда қазақтыӊ ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, әшекей бұйымдар мен қазақ суретшілерініӊ туындылары қойылды.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Гаагада өткен ІҮ Дипломатиялық мәдениеттер фестивалініӊ аясында Қазақстан павильоныныӊ таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Павильонды Нидерландыдағы ҚР Елшілігі ұйымдастырды. Онда қазақтыӊ ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, әшекей бұйымдар мен қазақ суретшілерініӊ туындылары қойылды.

"Фестиваль қонақтарына ұлттық тағамдар мен ұлттық сусындар беріліп, келушілердіӊ көӊілінен шықты. Павильонға келушілер қазақтыӊ ұлттық киімдерімен, салт-дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Лейден университетініӊ магистранты Ақжол Оразалин дамбырада күй орындап, концерттік бағдарлама қойды.

Сонымен бірге Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне, Қазақстанныӊ туристік әлеуетімен таныстыратын түрлі стендтер қойылды.

Айта кетсек, Гаагада дипломатиялық мәдениет фестивалі жыл сайын өтеді. Биылғы жылы шараға өздерініӊ ұлттық дәстүрлерімен, мәдениетімен тұрғындарды таныстыру үшін 50-ден аса мемлекет қатысқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны