24.07.2017, 19:51 4502

"Номад" саяхатшылар тобы Бурабайдағы Абылайхан алаӊына ат басын тiредi

Бұл саяхат Түркия, Бразилия, Ресей елдерiнен келген көрме меймандарын елiмiздiӊ төл тарихы, мазмұнды мәдениетiмен және ғажайып дәстүрiмен етене таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Көкшетау. 24 шілде. "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесi аясында Астанадан салт атпен суыт шыққан "Номад" саяхатшылар тобы Бурабайдағы Абылайхан алаӊына ат басын тiредi. Бұл саяхат Түркия, Бразилия, Ресей елдерiнен келген көрме меймандарын елiмiздiӊ төл тарихы, мазмұнды мәдениетiмен және ғажайып дәстүрiмен етене таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Астананыӊ iргесiндегi ақбозат ауылынан шыққан саяхатшылар облыстыӊ Шұбар, Құлшын, Бектау, Барап, Алакөл, Макинка, Базарбек тәрiздi елдiмекендерiн басып өткен. Саяхатшылар арақашықтығы 292 шақырымды құрайтын бұл бағыттағы жолда үш күнде басып өтiп, табиғат аясында түнеген. Шара барысында олар өӊiрдiӊ мәдени және тарихи орындарында болып, елдiӊ ежелгi тарихымен және сан ғасырлық тарихы бар салт-дәстүрiмен жақын танысқан. "Абылайхан" алаӊындағы ел тәуелсiздiгiн, Қазақстан халқыныӊ бiрлiгiн, бейбiтшiлiк пен келiсiмдi паш ететiн стелла түбiнде ат тiзгiнiн тартқан саяхатшылар хан қоныстанған киелi жерге бас иiп, қолдарындағы туларды төмен түсiрдi.

Этноауылға келген меймандарды ұлттық дәстүрмен құшақ жая қарсы алды. Шара барысында марапаттау салтанаты болып өттi.

Меймандарды Абылайхан бейнеленген естелiк белгiмен марапаттап, Бурабайдыӊ бейнесiн қамтитын брендтiк өнiмдi сыйға тартты. Бұдан кейiн ресейлiк мейман Досымжан Кенжешов, профессор Ұлан Еркiнбаев, түркиялық метехан Инас, бразилиялық Рагуэль Рамос де оливейра өз сөздерiнде көшпендiлердiӊ өмiрiмен жақын танысқандарын баяндап бердi.

Олардыӊ айтуынша, Астанадан шыққан сегiз саяхатшыға жолшыбай жиырмадан астам салт атты қосылған екен. Меймандар Абылайханныӊ экспозициялық залын аралап көрiп, этноауылда қолөнер шеберлерiнiӊ бұйымдарын тамашалады. Сондай-ақ, ит жүгiртiп, құс салатын аӊшылармен тiлдесiп, жетiншi қазынаныӊ жанашырларымен ұлттық үрдiстi ұлғайту жөнiнде пiкiр алмасты. Шара соӊында саяхатшыларға лайықты сый-сыяпат көрсетiлдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны