17.02.2015, 18:08 3791

"Норманд төрттігі" шешімдері қошеметтеуге лайық - Н.Назарбаев

Норманд төрттігі" шешімдері қошеметтеуге лайық. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - "Норманд төрттігі" шешімдері қошеметтеуге лайық. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы өз сөзінде Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы жанжалдар барысында 5 мыӊнан астам адамныӊ ажал құшқанын атап өтті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Украинадағы жанжал адам өмірініӊ құны жоғалатындай шектен шығатындығын ешкім де күтпеді. Бұл - украин халқыныӊ зор қасіреті. Қазақстан ешкімді де бейжай қалдырмайтын осынау дағдарысты реттеу жолдарын іздеу бағытындағы ортақ жұмыстарға белсенді қатысты және жалғастыруда", - деді Н.Назарбаев.

Елбасы өткен жылдыӊ соӊында және осы жылдыӊ басынан бергі шетелдік көшбасшылармен келіссөздерініӊ негізгі тақырыбы Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталғанын баса айтты.

"Осындай белсенді байланыстардыӊ нәтижесінде өткен жылдыӊ тамызында алғаш рет Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина Президенттерініӊ Минск кездесуі өтіп, онда ЕО өкілдерініӊ қатысуымен Украина мен Ресей басшылары көзбе-көз жүздесуге мүмкіндік алды", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ҚР Президенті соӊғы айлардағы келіссөздер "норманд төрттігі" елдері басшыларыныӊ жоғары деӊгейдегі кездесуін ұйымдастыруға бағытталғанын баса айтты.

"Біз 12 ақпандағы Минскідегі мемлекет басшыларыныӊ күрделі келіссөздерініӊ қорытындысын қолдаймыз. Бұл өте қиын, өте маӊызды, ауыр келіссөз болды. Біз бұл келіссөздерді өткізіп, ұстамдылық, ымырашылдық және көшбасшылық танытқан мемлекет басшыларына қошемет көрсетуге тиіспіз. Олар қантөгісті тоқтату бойынша маӊызды жұмыс атқарды", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны