18.09.2007, 18:54 2976

Новосибирскіде халықаралық есірткі тасушы топтың мүшелері болып табылатын Қазақстанның екі азаматына үкім шығарылды

Новосибирскіде халықаралық есірткі тасушы топтың мүшелері болып табылатын Қазақстанның екі азаматына үкім шығарылды.

Павлодар. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Новосибирскіде Қазақстан мен Ресейдің арнайы қызметтерінің біріккен шаралар жүргізу барысында ұсталған, халықаралық есірткі тасымалдаушы топтың мүшелері - Қазақстанның екі азаматына үкім шығарылды. Бұл туралы бүгін журналистерге Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосибирск облыстық басқармасынан хабарлады.

"Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына тұратын халықаралық қылмыстық топтың әрекетіне Новосибирск мен қазақстандық барлаушылардың біріккен шаралары барысында 2005 жылы тосқауыл қойылған",- деді Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосибирск облыстық басқармасының баспасөз хатшысы Ирина Зеброва. Жуықта Новосибрскінің Заельцовск аудандық соты Алматы тұрғыны Нигархан Гасановты 11 жылға , топтың тағы екі мүшесі - алматылық Артур Федоров мен ресейлік Клавдия Будникованы 10 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына кесті.

Ирина Зеброва айтуынша, топтың басқа мүшелері сот алдына жақын арада шығады.

ФҚҚБ күдіктілерді ұстау шарасы есірткінің ірі көлемін беру кезінде жүргізілгендігін еске сала кетті. "Контрабанданы сату үшін қылмыстық топтың әрбір мүшесі Новосибрскіге жеке-жеке келгендігі белгілі болды. Жасырын жерге 95 кг астам героин мен апиын жасырылған шетелдік көлік Қазақстаннан Алтай өңірі арқылы келген",- деп түсіндірді Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосибирск облыстық басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Ирина Зеброва айтуынша, жедел қызметкерлер топтың Қырғызстаннан Қазақстан арқылы Сібір Федералдық округіне есірткі тасымалдайтын орнықты арна ұйымдастырғандығын анықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны