21.04.2014, 21:33 3463

"Нұр Отан" партиясының қатары соңғы жарты жылда 25 мың адамға қысқарды - Б. Байбек

Оның айтуынша, қолға алып жатқан шаралардың нәтижесіне "Нұр Отан" партиясының тәртібі мен Қаулы талаптарын өрескел бұзған және партия мүшелігінің салымдарды төлемеген тұлғалар партия қатарынан шығарылуда.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. "Нұр Отан" партиясының қатары соңғы жарты жылда 25 мың адамға қысқарды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

""Соңғы жарты жылда партия қатарындағылардың саны 25 мыңға қысқарды. Бұл шара партия құрамының сапасын арттыруға бағытталған. Партия жемқорлыққа тиімді негізде қарсы тұра алуы үшін тек партияға ғана емес, сондай-ақ оның барлық іс-әрекеттеріне деген сенімді күшейту керек. Сол себепті бүгін партия қатарын тазарту жұмыстары жүріп жатыр", - деп "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, қолға алып жатқан шаралардың нәтижесіне "Нұр Отан" партиясының тәртібі мен Қаулы талаптарын өрескел бұзған және партия мүшелігінің салымдарды төлемеген тұлғалар партия қатарынан шығарылуда.

Айта кету керек, партия қатарынан шығарылған тұлғалардың арасына жемқорлық әрекеттерге барған азаматтар да болған. Б.Байбектің мәлімтінше, елімізде тексеріс санын азайту керек.

"Бұл әдісті мен тиімді демес едім. Бір адам жұмыс істейді екен де, үш адамоны бақылауы керек екен. Біз бақылаудың жетілген түріне өтуіміз керек. Қоғамдықбақылауды күшейткен жөн. Партияның оған мүмкіндігі бар, енді осыны қолға алукерек", - дейді Б.Байбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны