27.05.2014, 22:40 3043

"Нұр Отанда" ШҚО-дағы ШОБ-ті қорғау жөніндегі жұмыс талқыланды

Қоғамдық Кеңестің сараптама тобы Шығыс Қазақстан облысына іссапар барысында аймақтағы 120 астам бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақта кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғаудың жай-күйін тексерді, деп "Нұр Отанның" баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Республикалық жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы болып өтті. Іс-шара барысында РЖҚК мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселелерін талқылады.

Қоғамдық Кеңестің сараптама тобы Шығыс Қазақстан облысына іссапар барысында аймақтағы 120 астам бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақта кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғаудың жай-күйін тексерді, деп "Нұр Отанның" баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан, Ресей және Белорусь елдері Еуразиялық экономикалық одақ құрудың алдында тұрғанда сыбайлас жемқорлықтан қорғау және отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті. Исіресе мұның, негізгі қызметі Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан кәсіпкерлерге қатты қатысы бар.

Ашық аймақ жағдайында бизнестің бәсекеге икемделе алуына жағдай жасау партия мен бүкіл қоғамның міндеті болып табылады. Зор өндірістік әлеуеті бар Шығыс Қазақстан облысы Кеден Одағындағы әріптес-елдердің компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Кәсіпкерлікті қорғау мақсатында 2011 жылдан бастап 2014 жылғы І тоқсан аралығында прокуратура органдары 190 тексеру жүргізді, бұл ретте 2,3 мыңнан аса заң бұзушылықтар анықталды, оларды жою үшін 200 аса қарсылықтар мен ұсыныстар енгізілді. Мәселен, оларды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың 230 астам лауазымды адамдары, оның ішінде 30 жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны бойынша жергілікті әкімдіктер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері көш бастап тұр.

Отырыстың нәтижелері бойынша қаулы қабылданды, онда кәсіпкерлікті жемқорлықтан қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған мүдделі құрылымдарға арналған нақты ұсынымдар баяндалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны