04.07.2018, 23:31 5849

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаянмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері, Біріккен Араб Имірліктерініӊ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысыныӊ орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаянмен кездесті.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері, Біріккен Араб Имірліктерініӊ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысыныӊ орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаянмен кездесті.

Ресми қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен байланыстарды одан әрі дамытудыӊ өзекті мәселелерін талқылады.

Иӊгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері арасында берік достық қарым-қатынас орнағанын айтып, тақ мұрагеріне жұмыс кестесініӊ тығыздығына қарамастан, елімізге ресми сапармен келгені үшін ризашылық білдірді.

- Екі жақты достық қатынастардыӊ арқасында елдеріміздіӊ бизнес және мемлекеттік құрылымдары арасындағы ынтымақтастық дамып келеді. Сауда-саттық көлемі 2 есе өсті. Біз инвестицияны қорғау және салық салу саласында уағдаластықтарға қол жеткіздік, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев су энергетикасы, газ және химия кешенін тұрғызу салаларындағы жобаларды одан әрі іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Имірліктерініӊ ғылым мен технологияны дамыту үшін атқарып жатқан жұмыстарын атап өтіп, екі ел арасында енгізілген визасыз режімніӊ тиімділігін айтты.

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Имірліктерініӊ қолдауымен қолға алынған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардыӊ іске асырылу барысына тоқталды.

Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Заид бен Сұлтан Ил Наһаянныӊ күш-жігерлерініӊ арқасында екі ел арасында достық әрі тығыз байланыстар қалыптасқанын атап өтті.

- Елдеріміз арасында бауырластық қатынас орнаған. Біз Сізді үлкен ағамыз деп санаймыз. Өмірлік тәжірибеӊіз мол. Сізді құрмет тұтамыз. 30 жыл бұрын Қазақстан осындай өзгерістерді бастан өткереді деп ешкім күтпеген еді. Қазір Қазақстан - көшбасшы ел, өӊірдегі жетекші мемлекеттердіӊ бірі. Осыныӊ бәріне Сіздіӊ көрегендігіӊіз бен пайым парасатыӊыздыӊ арқасында қол жеткізілді, - деді шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаян.

Тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаян екі жақты қатынастарды ілгерілетудіӊ маӊыздылығын атап өтіп, Қазақстанныӊ әрі қарай өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Абу-Дабидіӊ тақ мұрагеріне оныӊ әкесі шейх Заид бен Сұлтан Ил Наһаянныӊ Қазақстанда басып шығарылған "Бірігудіӊ күш-қуаты" атты кітабы мен "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалін сыйлады.

***

Шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаянныӊ Қазақстан Республикасына ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктері арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт;

- Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігі мен Біріккен Араб Имірліктерініӊ Мәдениет және білімді дамыту министрлігі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Біріккен Араб Имірліктерініӊ "Сауаб" радикалсыздандыру халықаралық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны