03.04.2015, 20:55 3930

Нұрсұлтан Назарбаев "Ақтөбе-орталық" ЖШС-ныӊ көлік-логистика орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешені мен бизнестіӊ өзге де салалары өкілдерімен әӊгімелесіп, облыстыӊ орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етудіӊ маӊыздылығына тоқталды.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Мұнда Мемлекет басшысына орталықтыӊ жұмысы таныстырылды және онда сақталатын өнім түрлері көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешені мен бизнестіӊ өзге де салалары өкілдерімен әӊгімелесіп, облыстыӊ орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етудіӊ маӊыздылығына тоқталды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Мемлекет тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан нарықтық экономикалы ел болғандықтан, біз отандық өнімдердіӊ жартысын бизнес өндіргенін басты мақсат етіп отырмыз. Бұл үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады, "Бизнестіӊ жол картасы-2020" арнаулы бағдарламасы жұмыс істейді, негізсіз тексерулер тоқтатылды. Кәсіпорындарды тіркеу үдерісі жеӊілдетілді. Мемлекет енді сіздердіӊ тараптарыӊыздан өнім көлемін ұлғайтуды, жұмыс орындарын ашуды, салық төлемдерін, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім жасауды және жаӊа технологияларға инвестиция салуды күтеді, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға табыс және бақ-береке тіледі.

Орталықтыӊ қуаты 17 мыӊнан астам паллеторынға лайықталған. Оныӊ аумағы - 4.7 га, қоймаларыныӊ алаӊы - 12 400 шаршы метр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны