25.01.2017, 20:38 5644

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше министрлікті қайта құрды

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжат мәтінінде былай делінген:

"Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 44-бабыныӊ 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесініӊ тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі:

әлеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне;

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрлігіне бөлу арқылы;

2) Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігі экспортты ілгерілетуге жауапты ретінде айқындалып, туристік қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігіне беріле отырып;

3) Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі:

халықтыӊ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрлігіне;

елді мекендердіӊ шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігіне;

сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылсын.

2. Мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардыӊ құқықтары мен міндеттемелерініӊ құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі:

1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардыӊ штат санын Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігімен келісу бойынша қайта бөлуді;

2) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ 1999 жылғы 22 қаӊтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрлігі;

Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.";

"Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;" деген жол алып тасталсын.

5. Осы Жарлықтыӊ орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 қаӊтар № 412

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны