28.03.2017, 19:25 5542

Нұрсұлтан Назарбаев Дубай халықаралық қаржы орталығы басшылығымен кездесті

Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеӊнен бері оныӊ Дубай қаласыныӊ ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы мәлімет берілді.

Астана. 28 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығында болды,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Имірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездесті.

Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметімен және орталықтыӊ бұдан әрі қарай даму перспективасымен танысты.

Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеӊнен бері оныӊ Дубай қаласыныӊ ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысын ұйымдастыру барысында біздіӊ еліміз Біріккен Араб Имірліктерініӊ тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, орталықтыӊ жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын айтты.

Қазақстан Президенті Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

Келіссөз соӊында тараптар екіжақты ынтымақтастықтыӊ нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны