24.12.2014, 10:16 3730

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО қызметініӊ шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, президенттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстан Республикасыныӊ қосылуы туралы шартқа қол қойды.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Серж Саргсян және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты 2015 жылдан бастап іске қосу және оныӊ шетелдік серіктестермен өзара ықпалдастығы мәселелерін қарастырды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО органдарыныӊ қызметін регламенттеуге, Одақ Соты мен Комиссиясын құруға және оныӊ жұмысына, сондай-ақ Т.Мансұровты Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі aлқасыныӊ мүшесі (министр) етіп тағайындауға байланысты бірқатар шешімдерге қол қойды.

Сонымен қатар, президенттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстан Республикасыныӊ қосылуы туралы шартқа қол қойды.

Қазақстан Президенті отырыс қорытындысы арналған баспасөз мәслихатындағы сөзінде 2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтыӊ жаӊа кезеӊі ретінде кіретініне тоқталды.

- Келесі жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Еуразияныӊ ұланғайыр кеӊістігінде тұӊғыш рет ерікті, теӊқұқылы және өзара тиімді негізде қуатты табиғи және ресурстық әлеуеті, жаһандық және өӊірлік ауқымда стратегиялық маӊызды көлік, энергетика және технологиялық жүйесі бар экономикалық бірлестік құрылады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз ХХІ ғасыртыӊ сын-қатерлеріне жауап бере отырып, экономикалық әлеуетті біріктіргенін атап көрсетті.

- Еуразиялық экономикалық одақ еӊ алдымен қарапайым адамдар мен олардыӊ мүдделері үшін құрылды. Балтықтан Тынық мұхитына дейінгі, Арктикадан Тянь-Шаньға дейінгі орасан кеӊістікте Одаққа мүше мемлекеттердіӊ 180 миллионға жуық азаматтары бизнес жүргізуге, еркін сауда мен жұмыспен қамтылуға, коммуникацияларды пайдалануға, өӊіраралық ынтымақтастық пен өзара гуманитарлық ықпалдастықты кеӊейтуге теӊ мүмкіндіктер алады. Берік экономикалық іргетас құру арқылы біз елдеріміз бен халықтарымыздыӊ арасындағы достықты, тату көршілік пен сенімді нығайтамыз, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қатысушы елдер бүгінде татулықтыӊ, келісімніӊ, өзара пайда мен қолдаудыӊ ұзақмерзімді бағытын таӊдағанына назар аударды.

- Экономикалық тұрғыдан ықпалдаса отырып, біз саяси егемендіктіӊ, мәдени тәуелсіздіктіӊ және халықтарымыздыӊ тілдік бірегейлігініӊ мызғымас қағидаттарын нығайтамыз. Сонымен бірге, әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық, санкциялық саясат, әлемніӊ жетекші державалары арасындағы сенімніӊ әлсіреуі, саяси ахуалдыӊ ушығу қаупі Еуразиялық экономикалық одақтыӊ қалыптасу үдерісіне ықпал ететін болады. Біз бұл сын-қатерлердіӊ бәрін ескереміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еуразиялық экономикалық ықпалдастық идеясын жүзеге асыруға атсалысқандардыӊ барлығына ризашылығын білдірді.

- Біздіӊ одақ құруға бастаған жолымыз екі онжылдықққа созылды. Ол меніӊ 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген кезімде ұсынылған идеядан нақты іс жүзіндегі шешімге айналды. Ирбір еліміздіӊ ұлттық мүдделелері, экономикалық мүмкіндіктері ескерілген барлық қажетті мемлекетаралық құжаттарды дайындау үшін орасан жұмыс атқарылды. Мұныӊ ар жағында сарапшылардыӊ, саясаткерлердіӊ, депутаттардыӊ, бизнес пен мемлекеттеріміздіӊ жұртшылық өкілдерініӊ зор еӊбегі тұр, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО қызметініӊ шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

- Біз ықпалдастығымыз өзге мемлекеттер үшін экономикалық серіктестіктіӊ тартымды үлгісіне айналып, ЕАЭО-қатысушылар саны ұлғаюы үшін бәрін жасауға тиіспіз. Біздіӊ экономикалық одақ - әлемніӊ барлық ықпалдастық бірлестіктерімен, соныӊ ішінде Еуропалық одақпен де өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық ұйым. Елдеріміздіӊ барша азаматтарын Еуразиялық экономикалық одақтыӊ құрылуымен құттықтаймын, - деді Қазақстан Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны