10.09.2017, 17:38 3604

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитініӊ пленарлық отырысына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев ислам әлеміндегі маӊызды экономикалық мәселелерді шешу үшін Ислам ұйымыныӊ жетекші 15 мемлекетін біріктіретін бейресми қоғамдастық құруды ұсынды.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитініӊ пленарлық отырысына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жиынды ашып, бүгінгі басқосу ислам тарихында ерекше із қалдырады деп сенім білдіретінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқыныӊ ислам әлемімен қарым-қатынасы ежелгі заманнан тамыр тартатынын атап өтті.

- Біздіӊ байтақ даламызға Ислам діні бұдан мыӊ жылдан астам уақыт бұрын келді. Еліміз ислам мен батыс өркениеттері арасындағы достық диалогқа дәнекер болып отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мұсылман үмбеті бетпе-бет келіп отырған қазіргі сын-қатерлерге тоқталды.

- Біріншіден, экстремистік және террористік ұйымдар кеӊінен етек алуда. Олардыӊ лаӊкестік әрекеттерініӊ нәтижесінде, бірінші кезекте мұсылман әлемі елдерініӊ азаматтары зардап шегіп отыр. Екіншіден, исламофобиялық пікір қоғам ішінде кеӊ таралуда. Батыс елдерінде мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттер жыл сайын көбейіп келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Мьянмада болған жағдайға байланысты алаӊдаушылық білдіріп, барлық тарапты бұл проблеманы БҰҰ алаӊындағы диалог аясында тек бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Мемлекет басшысы үшінші мәселе ретінде 1,5 миллиардтан астам адамды біріктіретін ислам әлеміндегі ауызбіршіліктіӊ болмай отырғанын атап өтті.

- Төртіншіден, әлемніӊ өзге өӊірлері қарқынды дамып жатқанда, көптеген мұсылман елдері көш соӊында қалуда. Кейбір сыншылар ислам дүниесініӊ артта қалуы дінніӊ өзімен байланысты деп санайды. Алайда, бұл ақиқатқа мүлде жанаспайды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазіргі заманныӊ сын-қатерлеріне төтеп беру үшін күш біріктіруіміз қажет екенін атап өтіп, ортақ ғылыми-инновациялық қор құруды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдеріндегі ғалымдардыӊ ізденістеріне қолдау көрсетудіӊ маӊыздылығына назар аударып, ұйым аясында ғылым мен технологияларды дамытуға қосқан үлес үшін берілетін сыйлық тағайындау туралы шешім қабылданғанын айтты.

- Инновациялық кластерлер ғылымды қамтитын орнықты экономиканы қалыптастырудыӊ негізі болып саналады. Қазақстан осындай кластерлерді Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында белсенді дамытуда. Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ барлық елдерініӊ ғалымдары мен зерттеушілерін осы жұмыстарға белсенді атсалысуға шақырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ғылым мен инновацияны исламдық қаржыландырудыӊ рөлін арттыру маӊызды екенін атап өтті.

- Біз "ЭКСПО-2017" көрмесін өткіздік. Енді оныӊ аумағында "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Сіздерді ислам қаржысы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға шақырамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жасыл технологияларды дамыту мәселесіне тоқталып, жасыл технология мен инвестицияны дамыту жөніндегі халықаралық орталықтыӊ әлеуетін тиімді пайдалануды ұсынды.

- Біздіӊ елдеріміз үшін аграрлық саладағы ынтымақтастық аса маӊызды. Бәріміз бірлесіп аграрлық ғылымды дамытып, жаӊа технологияларды енгізуіміз керек. Бұл тек ауыл шаруашылығыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға емес, бұдан да тығыз интеграция мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ислам әлеміндегі маӊызды экономикалық мәселелерді шешу үшін Ислам ұйымыныӊ жетекші 15 мемлекетін біріктіретін бейресми қоғамдастық құруды ұсынды.

Мемлекет басшысы алдыӊғы қатарлы Батыс елдерімен ғылым және технологияларды дамыту мәселелері бойынша байланыстар орнату қажет екенін атап өтті.

- Біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда дінаралық келісімді сақтаудыӊ қазақстандық тәжірибесін бөлісуге әзірміз. Сондай-ақ, бәріӊізді 2018 жылы өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ алтыншы съезіне шақырамын, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыста және ислам әлемі елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға шақырды.

- Сөз соӊында, ұрпақтарымыз ислам әлемініӊ бірлігіне, ынтымақтастығы мен болашағына арналған бүгінгі тарихи форумға жоғары баға береді деп ойлаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, саммиттіӊ пленарлық отырысында Түркия Республикасыныӊ Президенті Р.Ердоған, Пәкістан Ислам Республикасыныӊ Президенті М.Хусейн, Мавритания Ислам Республикасыныӊ Президенті Мохаммед ульд Ибдел-Изиз, Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Ш.Мирзиёев, Гвинея Президенті А.Конде, Иран Ислам Республикасыныӊ Президенті Х.Рухани, Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны