21.08.2012, 09:15 3054

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруға қарсы халықаралық конференцияға қатысады

Астана. 21-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27-29 тамызда ядролық қаруға қарсы халықаралық конференцияға қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БҰл туралы бүгін ҚР СІМ-де өткен брифинг барысында ведомства өкілі Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

"27-29 тамызда Астана, Курчатов, Семей қалаларында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 21 жыл толуына орай "Ядролық сынықтарға тыйым салудан ядролық қарудан бос әлемге" атты халықаралық конференция өтеді", - деп хабарлады И. Абибуллаев.

Іс-шара екі бөліктен тұрады: 28 тамызда делегаттар Курчатовтағы және Семей қаласындағы ұлттық ядролық орталықтың нысанында болып, Семей полигонының жабылуына арналған шеруге қатысады. Ресми өкілдің айтуынша, 29 тамызда конференция Астанада Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны