18.10.2016, 19:48 3900

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа технологияны қолдану арқылы өндірілетін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өніміне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Астана. 18 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады,деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Елбасы жаӊа министрліктіӊ алдына қойылған міндеттердіӊ маӊыздылығына тоқталып өтті.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа технологияны қолдану арқылы өндірілетін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өніміне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Б.Атамқұлов министрлікте жүргізіліп жатқан кешенді ұйымдастырушылық іс-шаралардыӊ аяқталуға таяғаны жөнінде хабардар етті.

Сондай-ақ, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мемлекет басшысына азаматтық салада қолдануға жарамды өнім шығаруға мультипликативтік әсер беретін аэроғарыш саласын дамытудыӊ, қорғаныс кешенініӊ өндіріс қуатын арттырудыӊ перспективасы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны