15.01.2008, 16:18 2891

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы бойынша өзінің орынбасарларымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы бойынша өзінің орынбасарларымен кездесті

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы бойынша өзінің орынбасарларымен кездесті.

Кездесу барысында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Жұмағұлов, партия төрағасының орынбасарлары - Қайрат Келімбетов пен Сергей Громов мемлекет басшысын 2007 жылы өткен Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіне депутаттарды сайлаудан кейінгі партияның жүргізіп отырған жұмысы жөнінде хабардар етті.

"Бүгінде парламентте қүшті партиялық фракция қызмет атқаруда, бүкіл Қазақстан бойынша барлық мәслихаттарда партия фракциялары құрылды. Біз мемлекет басшысын еліміздің өкілетті органдарының "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп жүргізген жұмыстары, сондай-ақ партияның Саяси кеңесінің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық жөнінде хабардар еттік", - деді Б.Жұмағұлов журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны