09.06.2017, 23:26 4999

Нұрсұлтан Назарбаев осы күндері Астанаға келген шетелдік меймандармен бірқатар кездесулер өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев осы күндері Астанаға келген шетелдік меймандармен бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев осы күндері Астанаға келген шетелдік меймандармен бірқатар кездесулер өткізді,- деп хабарлайды Ақорда.

Атап айтсақ, 8 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан мен Қытай - Еуразияныӊ транзиттік көпірі" атты телекөпірге қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасыныӊ көрме павильонын аралап көру барысында "Қазақстан мен Қытай - Еуразияныӊ транзиттік көпірі" атты телекөпірге қатысты.

Қазақстан Президенті іс-шараға қатысушыларға арналған сөзінде "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді.

- Қытайдыӊ "Болашақтыӊ энергиясы, Жасыл жібек жолы" атты экспозициясы - ЭКСПО көрмесіндегі еӊ үлкен экспозицияныӊ бірі. Қытай Халық Республикасы қалпына келтірілетін энергия көздері саласында әлемдік көшбасшы болып отыр. Сіздіӊ еліӊіздіӊ "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуы технологияларды және мәдени байланыстарды дамытуға зор үлес қосатынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қорғас - Ляньюньган" жаӊа көлік жолыныӊ іске қосылуыныӊ маӊыздылығын атап өтіп, бұл жобаны "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" мен "Нұрлы жол" бағдарламаларын ұштастырудағы тиімді ынтымақтастықтыӊ жарқын мысалы деп атады.

- Бүгін маӊызды екі жобаны іске асыру басталды. Ляньюньган портынан Орталық Азия мен Түркияға теӊіз контейнерлерін тиеген алғашқы пойыздар жолға шықты. "Қорғас Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағыныӊ құрғақ портынан Қытайдыӊ Чэнду қаласына жеткізетін контейнер жолы іске қосылды. 2020 жылға қарай 2 миллион контейнер көрсеткішіне қол жеткізу жоспарланып отыр. Бұл елдеріміздіӊ экономикалық өсіп-өркендеуіне септігін тигізеді, - деді Қазақстан Президенті.

Іс-шара соӊында мемлекеттер басшылары Еуразия кеӊістігіндегі жаӊа контейнерлік қызмет - Ляньюньган Қазақстан-Қытай терминалы мен "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы құрғақ порты жұмысыныӊ басталуына жол ашып берді.

Мемлекет басшысы бұл күні сондай-ақ, Пәкістан Ислам Республикасыныӊ Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанныӊ Премьер-Министрімен кездесу барысында оған Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ саммитіне және "Астана ЭКСПО-2017" дүние жүзілік көрмесініӊ ашылуына келгені үшін алғыс айтты.

- Сіздіӊ ЭКСПО-ныӊ ашылуына және ШЫҰ-ныӊ ертеӊгі саммитіне қатысуға келгеніӊіз үшін ризамын. Пәкістанды ұйымға мүше ретінде қабылдау үдерісі 12 жыл бұрын дәл осы жерде басталған, ертеӊ аяқталады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетаралық кооперацияны жолға қоюдыӊ және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Н.Шариф Астананыӊ көркейе түскеніне назар аударып, Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қазақстанныӊ жаӊа астанасын салудағы рөліне тоқталды.

- Сіз Астананыӊ құрылысына қатысты теӊдессіз әрі таӊғаларлық жұмыс атқардыӊыз. Мен Қазақстан астанасындағы өзгерістерге қайран қалып отырмын. Сіздіӊ көзқарасыӊыз бен көшбасшылығыӊыз осы қаланыӊ және бүкіл еліӊіздіӊ гүлденуіне қол жеткізді, - деді Пәкістанныӊ Премьер-Министрі.

Кездесу соӊында екіжақты байланыстардыӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Үндістанныӊ Премьер-Министрі Нарендра Модимен кездесті.

Мемлекет басшысы Үндістанныӊ Премьер-Министрімен кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет пен сенімге негізделгенін атап өтті.

- Үндістанныӊ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болу үдерісі осыдан 12 жыл бұрын басталды. Ертеӊ Үндістан да осы ұйымныӊ толық құқылы мүшесі болады. Үндістан сияқты мықты елдіӊ қатарымызға қосылуы бірлесіп шешетін мәселелер аясын кеӊейтуге мүмкіндік береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан экономиканыӊ түрлі саласында өзара іс-қимылдыӊ жүзеге аса қоймаған орасан зор әлеуетіне ие екенін атап өтті.

Үндістанныӊ Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

-2015 жылы Қазақстанға алғаш рет келгенімде Сіздіӊ Астананы дамыту жөніндегі көзқарасыӊызға, Қазақстанныӊ жалпы экономикалық ілгерілеуіне тәнті болдым, - деді Нарендра Моди.

Кездесу соӊында тараптар өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасыныӊ Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасыныӊ Президентімен кездесу барысында оған Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ саммитіне және "Астана ЭКСПО-2017" дүние жүзілік көрмесініӊ ашылуына қатысу үшін Қазақстанға келгеніне алғыс айтты.

- Екі жарым жыл ішінде тиісті инфрақұрылымы бар тұтас бір аудан салынды. Көрмеге қатысушылар үшін тұрғын үйлер, қонақ үй кешені, конгресс-хол және осы ауқымды іс-шараны өткізуге қажетті басқа да ғимараттар бой көтерді. Көрмені өткізген соӊ бұл жерде Астана халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халықаралық көрменіӊ негізгі идеясына тоқталып, көрменіӊ басты нысаны - "Нұр Илем" павильонындағы экспозициялар туралы айтты.

Беларусь Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық көрменіӊ ашылуына қатысуға шақырғаны үшін ризашылық білдірді.

- Біз павильондарды аралап көріп қана қоймай, сіздердіӊ экспозициялық кешендер құрылысындағы тәжірибелеріӊізді мұқият зерттемекпіз. Өйткені біз де халық шаруашылығы жетістіктері көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді А.Лукашенко.

Сонымен қатар, Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тарихты зерттеуде әділеттілікті қалпына келтіруге жете көӊіл бөлетінін атап өтті.

- Сіз бұрынғы лагерьдіӊ орнында "АЛЖИР" музейін ашуға көп күш жұмсадыӊыз. Бұл лагерьде бұрынғы Одақтыӊ түкпір-түкпірінен айдалып келген адамдар қамалды. Оныӊ ішінде Беларусиядан келген әйелдер де болды. Бүгін біз бірқатар хаттар мен тағдыры лагерьмен байланысты адамдардыӊ іс қағаздарын ала келдік. Бұл - маӊызды құжаттар, - деді А.Лукашенко.

Кездесу соӊында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудыӊ өзекті мәселелерін де талқылады.

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ отырысына қатысушыларға арналған концертке қатысты.

Концертте қазақтыӊ халық әндері және әр түрлі елдердіӊ әуендері, сондай-ақ әлемге әйгілі классикалық шығармалар орындалды.

Шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ белгілі шығармашылық ұымдары қатысты. Олардыӊ қатарында, атап айтқанда, "Астана Опера" опера және балет театрыныӊ симфониялық оркестрі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен "Астана Балет" театрыныӊ топтары, сондай-ақ М.Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық хоры (Ресей), "Надам" би ұжымы (Үндістан), "Акак" қомызшылар ансамблі (Қырғызстан), Чжэцзян провинциясыныӊ акробаттық өнер труппасы мен Қытайдыӊ опера және би мемлекеттік театры, "Гүлрез" би ансамблі (Тәжікстан), "Өзбекстан" ән мен би мемлекеттік ансамблі бар.

Ал бүгін, 9-маусымда Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті.

Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министріне Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларыныӊ кеӊесіне және "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Х.Руханидіӊ жеӊіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.

- Мені ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаӊдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

- Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деӊгейде. Исіресе Сіздіӊ және Иран Президентініӊ өзара жасаған сапарларыӊыздыӊ арқасында қарқынды дамуда, - деді М.Зариф.

Сондай-ақ, М.Зариф Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларыныӊ кеӊесіне қатысқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

- Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ тарихында БҰҰ Бас хатшысы оныӊ жұмысына бірінші рет қатысуда. Сіздіӊ осы шараға келуіӊіз ұйым үшін тарихи сәт - ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанныӊ қабылдануымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол арқылы бұл ұйым аймақтық деӊгеймен шектелмей, елеулі саяси күшке айналуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы БҰҰ қызметініӊ қағидаттары мен оныӊ барлық бастамаларын Қазақстан әрдайым қолдап келгенін атап өтті.

- Өзіӊіз білетіндей, Қазақстан антиядролық қозғалыстыӊ көшбасшысы саналады және БҰҰ тарапынан 29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып жарияланды. Мен Қазақстан тарапынан Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін сыйлық тағайындадым. Иордания Королі ІІ Абдалла осы халықаралық сыйлықтыӊ бірінші лауреаты атанды, - деді Қазақстан Президенті.

БҰҰ Бас хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ саммитін өткізуімен құттықтап, оған Үндістан мен Пәкістанныӊ мүше болып қабылдануын атап өтті.

- Мен осы саммитке Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ бірте-бірте бүкіл әлемдегі ықпалдастық орталығына айнала бастағанын жете сезініп келдім. Бұл ұйым, меніӊ ойымша, бүгінгі әлемдік құрылымныӊ маӊызды тірегі болып саналады. Үндістан мен Пәкістан осы басқосуда сындарлы диалог жүргізу үшін жаӊа мүмкіндіктерге ие болады деп ойлаймын, - деді А.Гутерриш.

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Мемлекет басшысы Г.Бердімұхамедовке Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ ашылуына шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.

- Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ отырысы аяқталып, оныӊ қорытындысы бойынша ұйым қатарына екі жаӊа мемлекет - Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Бүгінде ШЫҰ дегеніміз - бұл 4 ядролық держава, адамзаттыӊ теӊ жартысы және әлем экономикасыныӊ 30%-ға жуығы, - деді Мемлекет басшысы.

Түрікменстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізудіӊ өзектілігі зор екенін атап өтті.

- Осындай іс-шараға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбы өте қызықты және көрме аясындағы көптеген мәселелер елдеріміз үшін маӊызды. Солардыӊ қатарында экология мәселесі де бар, - деді Түрікменстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Г.Бердімұхамедов Түрікменстан Президентініӊ биылғы сәуір айында Қазақстанға келген сапарынан кейін екіжақты қатынастарды дамытудыӊ оӊ қарқыны байқалып отырғанын атап өті.

Кездесу соӊында Г.Бердімұхамедов Қазақстан Президентін биылғы қыркүйек айында Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарын тамашалауға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны