02.09.2016, 15:08 4202

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпинніӊ қатысуымен 4 құжатқа қол қойылды

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетініӊ төрағасы Сюй Шаоши "Нұрлы жол" мен "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бағдарламаларын түйіндестіру жөніндегі ынтымақтастық жоспарын рәсімдеді.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жұмыс сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді.

Кездесудіӊ қорытындысында екі Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен 4 келісімге қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 17 мамырдағы ҚР-ҚХР ынтымақтастығы жөніндегі комитет құру туралы келісімге қосымшалар енгізу туралы хаттама рәсімделді. Құжатқа Қазақстан тарапынан еліміздіӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен қытай тарапынан ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И қол қойды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетініӊ төрағасы Сюй Шаоши "Нұрлы жол" мен "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бағдарламаларын түйіндестіру жөніндегі ынтымақтастық жоспарын рәсімдеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен ҚХР Сапаға қадағалау жасау, инспекция және карантин бас басқармасыныӊ басшысы Чжи Шупин екі елдіӊ ведомстволары арасында Қытайға Қазақстаннан экспортталатын жылқыларға қойылатын карантин және саулық талаптары бойынша және Қазақстан Республикасына Қытай Халық Республикасына соя дақылдарын экспорттау үшін фитосанитарлық талаптар бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапаға қадағалау жасау, инспекция және карантин бас басқармасыныӊ арасындағы хаттамаларды бекітті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4-5 қыркүйекте Ханчжоуда өтетін G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Сонымен қатар Мемлекет басшысыныӊ Саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізуі жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны