20.10.2016, 10:09 3926

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесу барысында Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдіӊ биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ нәтижелері және басты мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалу барысы туралы баяндады.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдіӊ биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ нәтижелері және басты мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан барлық бастаманы келесі жылы одан әрі тиімді жалғастыру үшін қажетті негіз қалыптасқанын атап өтті.

- Біріншіден, бюджетке тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, республиканыӊ қарқынды индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейтін "Нұрлы жол" даму бағдарламасы аясында тұрғындардыӊ әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдаудыӊ маӊыздылығы анық, - деді Елбасы.

Баяндамасында Премьер-Министр республиканыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ барлық негізгі көрсеткіштері жөнінен оӊ серпін бар екенін айтты.

Б.Сағынтаев Қазақстан Президентініӊ биылғы 9 қыркүйектегі кеӊейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларыныӊ уақытында орындалып жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, ел экономикасыныӊ одан әрі дамуына ықпал ету мақсатымен қосымша 481 млрд теӊге көлемінде қаражат бөлу мәселесі шешілді.

Премьер-Министр күніне 90 мыӊ баррель мұнай өндірілетін Қашаған мұнай-газ кен орныныӊ іске қосылғанына назар аударды.

Бұдан бөлек, Б.Сағынтаев Елбасыға еӊ алдымен азық-түлік пен аса қажеті тауарлар бағасы, тұрғындар мен әлеуметтік мекемелерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жоспарланған нысандарды уақтылы тапсыру тұрақты бақылауда екендігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа елдіӊ экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды.

Қазақстан Президенті республикада жиын-терін науқаныныӊ аяқталғанына тоқталып, енді Үкіметке астықты экспорттау мәселесін пысықтау қажет екендігін атап өтті.

- Ірі дәнді-дақыл өсіруші болып саналатын көптеген елдерде егінніӊ жақсы шыққанын байқап отырмыз. Осыған байланысты бұл нарықта бәсеке жоғары болады. Біз осыған дейін бірқатар елдермен астық экспорты жөнінде келісім жасадық. Осы уағдаластық аясында жеткізілетін өнім көлемін анықтап алу қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны