06.12.2016, 15:19 3690

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасыныӊ сайланған президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасыныӊ сайланған президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиёевті президент сайлауындағы жеӊісімен құттықтап, сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында оған табыс және мемлекеттік қызметте жаӊа жетістіктер тіледі.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығыныӊ басымдығы бар бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Елдер көшбасшылары халықаралық күн тәртібініӊ және өӊірлік қауіпсіздікті нығайтудыӊ мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны