28.09.2018, 15:57 6301

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеӊесініӊ отырысына қатысты

Мемлекет басшысы ТМД-ныӊ экономикалық негізін нығайту және елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеӊесініӊ отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Отырыста Мемлекет басшысы ТМД аясындағы қарым-қатынастарды нығайтып, дамыту үшін атқарылған жұмыстардыӊ нәтижелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев ұйымды реформалау және Достастықтыӊ тұжырымдамалық құжаттарын жаӊарту жолында қолға алынып жатқан шаралардыӊ тиімділігін атап өтті.

Қазақстан Президенті мемлекетаралық қатынастарды одан әрі тереӊдетуге септігін тигізетін бірқатар перспективті бағыттарға назар аударды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ТМД-ныӊ экономикалық негізін нығайту және елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сауда-экономикалық қатынастарды кеӊейту және ТМД-ға мүше барлық елдердіӊ көлік-транзит әлеуетін пайдалану жөніндегі мәселелерге тоқталды.

Қазақстан Президенті ғылыми-ғарыш, цифрландыру және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда құрылған "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ ерекшеліктері жөнінде әӊгімелеп, ТМД-ға мүше елдердіӊ бәрін Қаржы орталығыныӊ жұмысына белсенді атсалысуға шақырды.

ТМД елдері басшылары кеӊесі отырысыныӊ қорытындысы бойынша мынадай шешімдер мен құжаттар қабылданды:

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердіӊ ақпараттық технологиялар саласына қатысты қылмыстармен күрес жүргізудегі ынтымақтастығы туралы келісім;

2. Ғарыш кеӊістігін зерттеу және бейбіт мақсаттарға пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерініӊ конвенциясы;

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы;

4. 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы Жеӊістіӊ 75 жылдығын атап өтуге дайындық туралы;

5. 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарыныӊ жалпыға ортақ декларациясыныӊ 70 жылдығына байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердіӊ мәлімдемесі туралы;

6. 2021 жылы Тәжікстан Республикасында "Достастықтыӊ мәдени астаналары" атты мемлекетаралық бағдарламаны жүзеге асыру туралы;

7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2021 жылды Сәулет және қала құрылысы жылы деп жариялау туралы;

8. Қылмыстылықпен күрестегі бірлескен шаралардыӊ 2019-2023 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасы туралы;

9. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерініӊ кеӊесі жөніндегі ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

10. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердіӊ Террорға қарсы орталығы жөніндегі ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

11. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердіӊ Террорға қарсы орталығыныӊ басшысы туралы;

12. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеӊесініӊ жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі Үйлестіру комитетініӊ төрағасы туралы;

13. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеӊесініӊ шешімдерініӊ күшін жою туралы;

14. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларыныӊ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жөніндегі мәлімдемесі туралы;

15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларыныӊ Шыӊғыс Айтматовтыӊ 90 жылдығына байланысты мәлімдемесі туралы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны