26.01.2007, 17:16 3411

Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы Қазақстан Жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады

АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1-2 ақпандағы Киевке ресми сапарында Украинадағы Қазақстан Жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады, деп хабарлады бүгін Астанадағы брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ишікбаев.
 

Мемлекетіміздің елбасы Украинадағы Қазақстан Жылының салтанатты ашылу рәсіміне және де қазақстандық және германиялық іскер топ өкілдерінің бизнес-форумына қатысады",- деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігінің өкілі. 

 

Қазақстан Жылын өткізу екі елдің халқын одан әрі жақындата түспек. Қазақстан Жылы аясында өзара ықпалдастықтың барлық спекторлары бойынша екі жақты қатынастарды тереңдете түсуге бағытталған іс-шаралар жоспарланған",- деді Е. Ишікбаев. Атап айтқанда, әңгіме "сауда-экономикалық байланыстар, біздің еліміздің экономикасындағы капитал мен бизнестің өзара қатысуын кеңейту, Қазақстан мен Украинаның мәдени жәдігерлерінің көпшілікке танылуы" туралы болып отырғандығын атап өтті. 

 
Сапар барысында, президент Виктор Ющенкомен, премьер-министр Виктор Януковичпен, Украинаның Жоғарғы рад төрағасы Александр Морозбен кездесу жоспарланып отыр. Дипломаттың ақпараттарына сүйенсек, "аймақтық ынтымақтастық және сауда-экономикалық саласындағы бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою" жоспарлануда. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны