17.12.2017, 19:12 7201

Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" атты жаӊа кітабыныӊ салтанатты тұсаукесер рәсімі болып өтті

Тәуелсіздік күні қарсаӊында Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" атты жаӊа кітабыныӊ салтанатты тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today -Тәуелсіздік күні қарсаӊында Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" атты жаӊа кітабыныӊ салтанатты тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасымыздыӊ бұл еӊбегі еліміздіӊ жаӊа тарихы мен оныӊ ертеӊіне деген автордыӊ көзқарасын танытады.

Сөз басында Президент: "Бұл кітап меніӊ ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзініӊ қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!", - деп, кітаптыӊ мазмұнын айқындап берген.

Жаӊа басылымныӊ тұсаукесер рәсімін ашып, жүргізген "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед: "Елбасымыздыӊ жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздіӊ қасиетті Отанымыз - Қазақстан Республикасыныӊ негізін қалаған Тұӊғыш Президентіміздіӊ өз қолымен жазылған тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар", - деді.

Жаӊа туындыда егемен мемлекеттіӊ негізі қаланған күннен бастап оныӊ қалыптасу кезеӊдерініӊ ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еӊсеруге байланысты қабылданған шешімдердіӊ мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Сонымен қатар, кітапта "қазақстандық даму үлгісініӊ" табиғаты мен оныӊ эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаӊғыртудыӊ үш толқыны кеӊінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаӊғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдіӊ қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаӊғыртудыӊ мақсаты - елімізді қалыптасқан жаӊа жаһандық ахуал жағдайында жаӊғырта отырып, әлемдегі еӊ өркенді 30 мемлекеттіӊ қатарына қосу.

Кітап еліміздіӊ жаӊа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады:

1. Мемлекетіміздіӊ дүниеге келуі. Қазақстанныӊ бірінші жаӊғыруы (1991-1995 жылдар);

2. Ұлы бетбұрыс. Қазақстанныӊ екінші жаӊғыруыныӊ басталуы (1996-1999 жылдар);

3. Қияға құлаш сермеу. Қазақстанныӊ екінші жаӊғыруы (2000-2010 жылдар);

4. Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы (2010-шы жылдар).

Кітаптыӊ алғысөзінде біздіӊ өз жолымызбен - қазақстандық даму жолымен жүретінімізге назар аударған Елбасы: "Деректерді талдап, оқиғаларға объективті баға беруді үйрену ғана емес, тарихи үдерістерді болашақ тұрғысынан тереӊ түсіну, өткенге қазіргі кезеӊ тұрғысынан көз салу және болашақты ойлай отырып, өткенді ұмытпау - біздіӊ ортақ міндетіміз. Біз тарихтан өзімізге және еліміздіӊ одан әрі дамуына қажетті тағылым ала білуге тиіспіз", - дейді.

Аталған кітапта әр бөлімніӊ өзі бірнеше бөлімдерге бөлінген. Олардыӊ да атауларына аса мән беріліп, жаӊа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардыӊ дәуірлік оқиғалары нақты әрі дәл суреттелген. Атап айтқанда, "Тарихи әділеттілік салтанаты", "Тұғыры берік мемлекеттік құрылым","Басты құндылығымыз - бейбітшілікті қастерлей білдік", "Жаӊалықтыӊ жылы лебі және қайта түлеген дәстүр", "Сыртқы саясат: тыӊға түрен салғандай...", "Қияға көз тіккен Қазақстан барысы", "Баянды болсын Бас қала!", "Саяси тұрақтылықтыӊ жемісі", "Тәуелсіздік рухымызды шыӊдады", "Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік", "Бұрын-соӊды болмаған зияткерлік өрлеу", "Илем мойындаған көшбасшылық", "Көз алдымыздағы ұлы өзгерістер", "Жаӊа экономикаға батыл ұмтылыс", "Адам капиталыныӊ жаӊа сапасы", "Қазақстанныӊ айқын және мызғымас басымдықтары" және тағы басқа бөлімдерде еліміздіӊ жарқын сәттері бүге-шігесіне дейін баяндалады.

Сондай-ақ, кітапта еліміздіӊ тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген басты 33 жетістігі мен оған жету жолдары жан-жақты айтылған. Олардыӊ қатарында: заманауи қуатты мемлекет құру, халықаралық дәрежеде мойындалған нақты шекара, ұлтаралық және конфессияаралық келісімніӊ бірегей үлгісі, Семей ядролық сынақ алаӊыныӊ жабылуы, нарықтық экономикаға өту, ұлттық валюта, жаӊа елордамыз - Астананы салу, қуатты әрі заманауи Қарулы Күштеріміздіӊ құрылуы, кеӊ көлемдегі инновациялық индустриаландыру, әлеуметтік жаӊғыру, ЕҚЫҰ-ға және басқа да беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық ету, "Қазақстан-2030" Стратегиясында көзделген басымдықтардыӊ мерзімінен бұрын орындалуы және 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Бес институционалдық реформа, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу және халқымыздыӊ мақтанышына айналған еліміздіӊ тағы басқа да аса маӊызды жетістіктері бар.

Бұл жетістіктердіӊ барлығы тәуелсіздіктіӊ жемісі және Елбасымыздыӊ елі үшін еткен ерен еӊбегініӊ нәтижесі екеніне назар аударған Мұхтар Құл-Мұхаммед:

- Тәуелсіздік заманы Қазақстан үшін ғасырлар жүгін арқалаған ғаламат дәуір. Соныӊ бәрінде елі үшін туған Елбасы Қазақ елін әлемдік қауымдастықтыӊ еӊ алдыӊғы қатарына шығарды.Қазақстан - бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз жолын, өз болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдындағы беделі биік, үш бірдей жаӊғыруды ойдағыдай өткізе білген абыройлы мемлекет. Оныӊ туған халқын замананыӊ сан алуан сынынан аман алып шығып, биіктен биікке бастап келе жатқан Нұрсұлтан Ибішұлындай кемеӊгер басшысы бар, - деді.

Одан бөлек, салтанатты іс-шарада Премьер-Министр Кеӊсесі Басшысыныӊ орынбасары Ержан Бабақұмаров, Парламент Сенатыныӊ депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ директоры Санат Көшкімбаев, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы жетекшісініӊ орынбасары Леонид Прокопенко және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетініӊ ректоры Ерлан Сыдықов сөз сөйлеп, жаӊа кітаптыӊ маӊызы туралы ойларымен бөлісті.

Олар өз сөздерінде жиынға қатысушылардыӊ назарын кітапта кеӊінен сарапталып, сараланған тәуелсіздік тарихыныӊ экономикалық, саяси және әлеуметтік қырларына, рухани-мәдени құндылықтарға, осы кезеӊдегі маӊызды оқиғаларға, оларға берілген тарихи бағаға және оныӊ саяси-әлеуметтік қарым-қатынастағы мәніне аударды. Сол себепті де сөз алғандар Елбасымыздыӊ жаӊа кітабы барша қазақстандықтарға, әсіресе, жас ұрпаққа тәуелсіздігіміздіӊ алғашқы он жылдығындағы маӊызды оқиғаларды кеӊінен біліп қана қоймай, туған Отанымызбен мақтануға, оныӊ жарқын болашағына қандай да бір өз үлесін қосуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Елбасы бұл кітабын: "Тәуелсіз Қазақстан тарихыныӊ басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні - мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, еӊ асқақ арманға қол жеткізу әркімніӊ өз қолында. Жеӊіс пен жетістік - жасқанбай алға ұмтылғанныӊ еншісінде.Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыратын - азат ойлы, жаӊашыл да жасампаз азаматтары. Ол үшін әркім жан-жақты және кемел білімге ден қойып, қажырлы еӊбек пен өзін өзі толассыз жетілдіруді өмір салтына айналдыруы қажет.Демек, бүгін де болашақ үшін құлшына іске кірісетін, жігерімізді жанып, санамыз бен өмірімізді өзгертетін сәт тағы туып тұр.Ұлы тарих Кемел келешекке жетелейді", - деп аяқтайды.

Кітаптыӊ тұсаукесер рәсіміне қатысқан Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, "Нұр Отан" партиясыныӊ басшылығы мен мүшелері, ғылым, зиялы қауым, ақпарат құралдары және жастар ұйымдарыныӊ өкілдері, сарапшылар менстуденттер жаӊа басылымға ерекше қызығушылық танытты. Сондықтан да "Тәуелсіздік дәуірі" отандық және шетелдік қалыӊ оқырман қауымды қызықтырар тыӊ туынды болары сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны