Осы жылдың 4-5 желтоқсан аралығында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында Су ресурстары министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері, құқық қорғау органдары, су шаруашылығы ұйымдары және шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңестер өткіздім. Үш өңірде де су аз кезеңнің жалғасып жатқаны расталды. 2026 жылғы вегетацияға болжамды су келуі небәрі 1-1,5 млрд текше метр деп бағаланып отыр, бұл 1 млрд текше метрге дейін тапшылық қаупін тудырады. Жамбыл облысында су қоймалардың толымдылығы бар болғаны 41%-ды құрайды, Киров және Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларын жобалық деңгейге дейін толмау қаупі бар. Бірқатар облыстарда 2025 жылы ылғалсүйгіш дақылдарды қысқарту жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер орындалмағанын атап өтемін", - деді ол.
Көшпелі кеңестер қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды: Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары және ирригация министрлігімен, облыс әкімдіктерімен бірге жұмыс тобын құрып екі апта мерзімде су пайдалану лимиттерін айқындау және болжамды су келу көлемін ескере отырып алдағы вегетациялық кезеңге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарын бекіту қажет. Сонымен қатар, Орталық Азияда ауа-райы өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылғы 1 ақпанға дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне барлық облыстар бойынша су келуінің ең пессимистік сценарийін ескере отырып су тұтынудың нақтыланған лимиттерін ұсынуы тиіс. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 1 наурызға дейін ылғалсүйгіш дақылдардың егістік құрылымын бекітілген су лимиттеріне сәйкес түзетуі қажет", - деді Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

