09.04.2015, 17:34 4416

Ойын бизнесіне арналған заӊ қабылданды - Парламент

Бүгін Парламент Cенатыныӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын екінші оқылымда қаралып, құжат қабылданды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Cенатыныӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын екінші оқылымда қаралып, құжат қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құжат еліміздегі ойын бизнесі саласындағы заӊ нормаларын жетілдіруді көздейді. Мұнда ойын бизнесі туралы заӊнаманы айналып өтуге мүмкіндік беретін алшақтықтар мен қайшылықтарды жою шараларын қарастырады. Сонымен қатар интернет-казино қызметіне, оныӊ ішінде Қазақстан аумағындағы шетелдік интернет-казино қызметіне тыйым салу белгіленеді. Бұдан бөлек, ойын бизнесі саласында лицензия алу кезінде өтініш берушілердіӊ талаптарын қатаӊдату қарастырылады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, құжат Азаматтық процессуалдық кодексте интернет-казино қызметін заӊсыз деп тану механизмдері қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, Икімшілік құқық бұзушылық кодексте ойын бизнесіне қатысты заӊ нормаларын бұзғандар үшін жауапкершіліктер нақтыланып, қосымша жауапкершіліктер де қамтылады.

Бұдан бөлек, заӊ арқылы букмекер кеӊсесі және тотализатор кассаларынан алынатын салық 75 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаятын болады. Ал букмекер кеӊсесі мен тотализатордыӊ электрондық кассасына салынатын салық 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Бұл ретте электрондық кассаға салықты арттыру негізінен оны пайдаланушылардыӊ көптігіне қарай орын алып отыр.

Мәселен, орта есеппен алғанда интернет-ресурс арқылы бәс тігуге тіркелген қатысушылардыӊ саны 200 мыӊ адамға жетеді әрі олардыӊ 50 пайызы тұрақты қатысушылар болып табылады.

Құжаттағы басты жаӊалықтардыӊ бірі - ойын мекемелерін, букмекер кеӊсесі кассаларын және тотализаторларды тұрғын үй ғимараттарына орналастыруға тыйым салынады.

Парламент қабылдаған заӊ Мемлекет басшысыныӊ қол қоюына жолданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны