18.01.2008, 18:43 2791

Өкілетті билік ел президенті жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда айтарлықтай үлес қосуы керек

Өкілетті билік ел президенті жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда айтарлықтай үлес қосуы керек

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өкілетті билік ел президенті жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда айтарлықтай үлес қосуы керек. Бұл туралы бүгін сенаттың жалпы отырысында палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысы бірінші жоспарға әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін, инновациялық дамуға көмек көрсету, сыбайлас жемқорлықпен күрес, жастар арасында отаншылыдық тәрбие беру және талантты жастарды мемлекет басқаруға дайындау мәселелерін қойды. Жоғарғы өкілетті биліктің күші осы міндеттердің барлығын жүзеге асыруда қомақты үлес қосады",- деп мәлім етті Қ. Тоқаев.

Ол, үстіміздегі жылы парламент депутаттарының алдында "президенттің бастамасы бойынша көтерілген реформаларды заңды тұрғыдан қамтамасыз ету" күтіп тұр деп атап көрсетті.

"Үстіміздегі жылы үкіметтің бастамасымен көтерілген 60 заң жобасын пысықтауға қатысты жұмыстарды жалғастыру қажет, сондай-ақ конституциялық қайта құруды жүзеге асыру жөніндегі құжаттардың келіп түсуі күтілуде",- деді сенат төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны