08.02.2018, 16:21 5485

ОҚО әкімі Шымкентті дамыту бойынша 20 негізгі жобаны жүзеге асыруды тапсырды

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар санын арттыруды және қоғамдық көлік саласын дамытып, қаланыӊ жасыл белдеуін қалыптастыруды, "Цитадель" мен "Шымкент-сити" жобасын жүзеге асыруды, Қошқар ата өзенініӊ бойын абаттандыру сияқты 20 негізгі жобаны жүзеге асыруды жүктеймін",-деді әкім.

Шымкент.8 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкент қаласыныӊ әкімі Нұрлан Сауранбаев 2017 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп берді. Есепті кездесуге Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев пен Президент әкімшілігініӊ мемлекеттік инспекторы Мұрат Имандосов қатысты.

Кездесу барысында шаһар басшысы қалада атқарылған жүйелі жұмыстар мен оӊды өзгерістерді атап өтіп, 2018 жылдыӊ жұмыс жоспары мен іске асырылатын жобалар туралы баяндады.

Оныӊ айтуынша, өткен жылы қалада 4310 отбасы баспаналы болған. Яғни, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 402 мыӊ шаршы метрді құраған. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 36 пайызға артық. Ал "Өӊірлерді дамыту - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 көпқабатты үйге жаӊарту және жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жеті үйге сейсмикалық күшейту жұмыстары, демеушілердіӊ есебінен 33 көп қабатты ғимараттыӊ қасбеті жөнделген. Сондай-ақ өткен жылы алты шағын ауданда электр желісі тартылып, нәтижесінде 1550 абонент сапалы электр желісіне қосылған. Ал қала тұрғындарын ауызсумен қамту көрсеткіші 93 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткішті 96 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұған қоса 2017 жылы қала аумағында кәріз жүйелерін тарту жұмысы да атқарылған.

Бұдан бөлек жиында тұрғындар қала әкіміне коммуналдық мәселелер, қоғамдық көлік қызметі мен жол және жер мәселесі жайында сауалдарын жолдады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ж.Түймебаев Елбасы Жолдауындағы басымдықтарды басты бағытқа ала отырып жұмыс жүргізуді қала басшылығына тапсырды.

"Шымкент қаласыныӊ тұрғындары облыс халқыныӊ үштен бірін құрайтындықтан мұнда жер қатынастары, тұрғын үй, қоғамдық көлікке қатысты мәселердіӊ көп екені анық. Оныӊ барлығы да кезеӊ-кезеӊімен шешілетін болады. 2014 жылы қалаға 70 мыӊ гектар жер қосылып, аумағы 117 мыӊ гектарға жетті. Қалаға қосылған елді мекендерді ретке келтіру жұмыстары жыл сайын жүргізіліп келеді. Сіздерде өз тараптарыӊыздан аулаларыӊызды көріктендіріп, үйлерді әрлеу сынды жұмыстарды жүргізуде белсенді болуларыӊызды сұраймын. Бірге әрекет етсек қана тұратын жерімізді көркейтіп, Шымкентімізді жасыл қалаға айналдыра аламыз. 2020 жылы біздіӊ қала ТМД елдерініӊ мәдени астанасы атанады. Қазірдіӊ өзінде осы бағытта жұмысты бастап кеттік. Енді оған шаһардыӊ әр тұрғыны да өз үлесін қосуы тиіс",-деді Ж.Түймебаев.

Облыстыӊ жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуінде Шымкент қаласыныӊ үлесі ерекше екенін айтқан аймақ басшысы қала өз потенциалын дұрыс пайдаланып келетінін жеткізді. Сонымен бірге әкім алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар көп екенін атап өтіп, келесідей міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды.

"Кіші және орта бизнесті қарқынды дамыту арқылы қала экономикасын көлеӊкеден шығарып, бюджеттіӊ кіріс көзін ұлғайту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар санын арттыруды және қоғамдық көлік саласын дамытып, қаланыӊ жасыл белдеуін қалыптастыруды, "Цитадель" мен "Шымкент-сити" жобасын жүзеге асыруды, Қошқар ата өзенініӊ бойын абаттандыру сияқты 20 негізгі жобаны жүзеге асыруды жүктеймін",-деді әкім.

Бұдан басқа аймақ басшысы қала аумағындағы заӊсыз құрылыс нысандарын жоюды, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен, газбен, электр қуатымен қамтамасыз ету қарқынын жоғарылатуды, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап жаӊа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ензілуіне байланысты шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еӊбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстырып, жұмыссыздық деӊгейін барынша төмендетуді және тұрғын үй құрылысыныӊ қарқынын арттырып, тұрғындарды пәтерлермен қамтамасыз ету жүйесін ары қарай дамытуды тапсырды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны