04.12.2013, 18:43 2478

ОҚО ІІД қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады

2012 жылдың жазында күдікті сыбайластарымен бірге "Шымкент-Сарыағаш" тасжолының Құрама кенті маңында "Гольф" автокөлігін тоқтатып, оның иесін травматикалық тапаншамен қорқыту арқылы 70 миллионнан астам ақшаны жымқырып кеткен болатын.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген 27 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2012 жылдың жазында күдікті сыбайластарымен бірге "Шымкент-Сарыағаш" тасжолының Құрама кенті маңында "Гольф" автокөлігін тоқтатып, оның иесін травматикалық тапаншамен қорқыту арқылы 70 миллионнан астам ақшаны жымқырып кеткен болатын.

Ұсталған азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны