25.07.2014, 19:54 3625

ОҚО-да медиация тәртібінде шешілген даулардың саны 4 есеге артты

Медиаторлардың қатысуымен аяқталған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артты, - деп Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов мәлімдеді.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Медиаторлардың қатысуымен аяқталған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артты, - деп Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов мәлімдеді.

Облыстық соттың төрағасы 2014 жылдың 6 айында облыс соттарында сот төрелігін жүзеге асыру бағытында атқарылған нақты жұмыстарға тоқталып, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.

Сондай-ақ, ол қатысушылардың назарын медиаторлардың қатысуымен аяқталған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артқанына және "Сот медиациясы" пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласы соттарының судьялары қатысуымен 49 азаматтық іс қаралғанына аударды.

Бұдан бөлек, облыс соттары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сот жүйесінің имиджін көтеру мақсатында БАҚ-пен жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп, биыл жарты жылда судьялар мен сот қызметкерлері тарапынан баспасөз беттерінде 650 мақала жарияланып, 309 сұхбат берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны