28.06.2012, 12:16 5757

Өндірістегі инновация "Алматы желдеткіш зауытының" энергия шығынын 40% азайтты

Өндірісті жаңғыртуға инновациялық грант алған "Алматы желдеткіш зауыты" еңбек өнімділігін 70% арттырып, энергия шығынын 40% азайтуға мүмкіндік берген жапондық ұқыпты өндіру технологиясын енгізді.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - Өндірістегі инновация "Алматы желдеткіш зауытының" энергия шығынын 40% азайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өндірісті жаңғыртуға инновациялық грант алған "Алматы желдеткіш зауыты" еңбек өнімділігін 70% арттырып, энергия шығынын 40% азайтуға мүмкіндік берген жапондық ұқыпты өндіру технологиясын енгізді.

"Жаңа технология сатып алуға инновациялық грант берген мемлекеттік қолдау құралдарының арқасында біздің кәсіпорын технологиялық қайта жарақтанып, "Кайдзен" жаңа басқару жүйесін енгізуге мүмкіндік алды және ең бастысы 10-15 жыл алға қарай қарышты қадам жасады", - деді "АЖЗ" АҚ коммерциялық директоры Тимур Талапов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Сонымен бірге, ол инновациялық дамуға көрсетілетін мемлекеттік қолдау таяу жылдары бәсекеге қабілетті жаңа отандық өнім өндіріп, өндірістік сектордағы ішкі жалпы өнімнің үлесін арттыруға көмектесетіне сенімді екенін жеткізді.

"Алматы желдеткіш зауыты" бүгінгі күні өртке, түтінге қарсы және жалпы айнала желдету жүйесі үшін қондырғылар өндіретін Қазақстандағы жалғыз өндіруші. Кәсіпорын өз өнімдерін ел ішінде де, шетел нарығына де жеткізеді. Қазір зауыт еліміздің азаматтық және өнеркәсіптік сұранысының 70% қамтамасыз етіп отыр. Зауытта 200 астам адам еңбек етеді.

Өткен жылы кәсіпорын еңбек өнімділігін 70% арттырып, энергия шығынын 40%, өндіріс циклын 80% азайтуға мүмкіндік берген басқарудың "Кайдзен" атты жаңа жүйесін енгізді. "Кайдзен" деп аталатын басқару жүйесі инновациялық гранттың қаржысына енгізілді, сөйтіп зауытта шығын қысқарып, өнімділік ұлғайды.

"Кайдзен" жүйесі жапондық тәжірибеден алынған, ол өндіріс үдерісін, жаңа жасауларды, қосалқы бизнес-үдерістер мен басқаруды, сондай-ақ өмірдің басқа да аспектілерін үздіксіз жетілдіруге бағытталған. Жақсарту немесе жетілдіру басқарудың барлық деңгейінде, өндірістің барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде өнім құрылыс, дәнекерлеу, жобалау ұйымдарында жақсы сұрынысқа ие. Зауытта 200 астам адам еңбек етеді. Зауыттың желдету құрылғылары өндірісін кеңейтіп және жаңғырту туралы бастамасы "ТДҰА" АҚ инновациялық гранты түрінде қолдауға ие болды.

Жасалған қолдаудың арқасында үстіміздегі жылы өндірілетін өнім көлемін үш есеге ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа зауыт іске қосылады. Көлемі 94 млн теңге болатын грантқа прецизді иілгіш детальдар мен жартылай дайын өнім ретіндегі металл парақшаларын лазермен кесудің инновациялық технологиясы өндіріске енгізілді. Осының нәтижесінде өнім сапасы едәуір жақсарып, энергия үнемдейтін жаңа инновациялық құрылғылар - роторлық жылу утилизаторы және пластина рекуператор өндіру жолға қойылды.

Жаңғырту мен жаңа басқару жүйесін енгізу бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жаңа зауытты іске қосқаннан кейін күтілетін өнім көлемі, жоба жасаушылардың болжамынша, үстіміздегі жылы 750 млн теңгеге жетуі керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны