26.06.2013, 09:01 2618

"Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде 53 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген

"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы бағдарламаға Қазақстанның 15 өңірінен 53 инвестицияық жоба және 8 өнеркәсіп саласы енген.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - 20 маусымға жағдай бойынша "Өнімділік 2020" бағдарламасына Қазақстанның 15 өңірінен 53 инвестициялық жоба енгізілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы бағдарламаға Қазақстанның 15 өңірінен 53 инвестицияық жоба және 8 өнеркәсіп саласы енген.

Осылайша, 2013 жылы бағдарламаға 2 жоба - "FosTech Data" ЖШС "Талшықты-оптикалық кабель өндірісі бойынша зауытты кеңейту" және жылына 35 мың шаршы метр қуаттылығы бар "ЖМЗ-Шапағат" ЖШС "Үй құрастыратын комбинат құрылысы".

Сонымен қатар, институт мәліметі бойынша, бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде жобалардың жалпы құны 154,3 млрд. теңгені, 2013 жылы - 1,8 млн теңгені құрады.

Жалпы алғанда құрылыс материалдарының индустриясы саласындағы 16 жоба, машина жасаудағы 14 жоба, АӨК-нің 6 жобасы, химияның 5 жобасы, сонымен қатар фармацевтикалық өнеркәсібіндегі 4 жоба, ағаш өңдейтін - 4, энергетикада - 3 жоба, металлургияда - 2 жоба мақұлданған.

Бұдан өзге, бүгінгі таңда "ҚИДИ" АҚ-да құрылыс материалдары индустриясының 2 жобасы - "КСС Астана" ЖШС және "SAS-Tobe Technologies" ЖШС, сонымен қатар машина жасаудың 1 жобасы "Сага Аташ" ЖШС қарауда жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны