04.05.2010, 14:42 3750

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы құрылыс бөлімінің бастығы пара алғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы құрылыс бөлімінің бастығы пара алғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы құрылыс бөлімінің бастығы пара алғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған Шымкент қаласы Ил-Фараби ауданы прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы құрылыс бөлімінің бастығы қызметін атқарып жүріп, яғни лауазымды адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін жағдайларға байланысты "Ернур-Сервис" ЖШС директорынан соңғының пайдасына заңды іс-әрекет жасап, яғни Бәйдібек ауданы Қаратас ауылында "Ернур-Сервис" ЖШС-і жүргізіп жатқан Н.Арапов атындағы 300 орындық орта мектептің атқарылған құрылыс жұмысын қабылдап, 2009 жылғы қыркүйек айында мектеп құрылысын жалғастыруға бөлінетін 8 589 194 теңге мөлшердегі қаражатты уақытылы бөліп, келесі айларда да атқарылған құрылыс жұмысын қабылдап, мектеп құрылысын жалғастыруға бөлінетін қаражатты уақытылы бөлуді болымды шешу үшін, талап етілген жалпы 3 000 000 теңгені құрайтын параның бір бөлігін, яғни ірі мөлшердегі 1 000 000 теңгені құрайтын бөлігін өзі пара ретінде алған, демек, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабы 4-бөлігінің "в" тармағымен көзделген қылмысты жасаған.

"Шымкент қаласының Ил-Фараби аудандық сотының 2010 жылғы 11 ақпандағы үкімімен Марат Амиралиевич Тулегенов ҚР ҚК-нің 311 бабының 4 бөлімінің "в" тармағымен кінәлі деп танылып, жеке мүлкін тәркілеп, оны 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны