04.10.2016, 16:51 4807

Оӊтүстік Қазақстан облысы өкілдері жұмыс сапарымен Австрияда болды

Жиында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ туризм және экономикалық мүмкіндіктері 1000-ға жуық қатысушылардыӊ алдында таныстырылып, делегацияныӊ келу мақсаты түсіндірілді.

Шымкент. 4 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 29-30 қыркүйек күндері Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды бастаған бір топ делегация жұмыс сапарымен Автрия Республикасында болып қайтты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Екі күндік іссапарда оӊтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Австрияда өткен "Фельден" форумына қатысып, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта мен жастар ісі, мәдениет, білім, сонымен бірге, спорт салаларында бірлесе жұмыс істеу аясындағы келісімге қол жеткізді. Жиында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ туризм және экономикалық мүмкіндіктері 1000-ға жуық қатысушылардыӊ алдында таныстырылып, делегацияныӊ келу мақсаты түсіндірілді.

"Оӊтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия жері турасындағы" құжаттамаға сәйкес жасалған келісімдер нәтижесінде, жастар түрлі салаларда тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, қос елдегі бірлескен кәсіпорындардыӊ саны артатын болды.

Еске салайық, оӊтүстікқазақстандық делегация осы жылдыӊ тамыз айында Австрия Республикасыныӊ Каринтия қаласына жұмыс сапарымен барып, туыстық қатынасты нығайтуда түрлі салалар шеӊберінде келісім жасауға уағдаласып қайтқан болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті - Елбасы Н.Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында Жаӊа инвестициялық саясаттыӊ негіздері туралы былай деді:

Таяудағы онжылдықта Қазақстанныӊ алдында тұрған міндеттер:

- экономиканыӊ жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деӊгейінде қамтамасыз ету;

- өӊделген тауарлардыӊ экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;

- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардыӊ көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде - кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;

- 660 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орындарын құру, еӊбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.

Экономикалық өсімніӊ мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаӊа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.

Жаӊа жаһандық нақты ахуалдыӊ мәні тек әртараптандырылған экономиканыӊ ғана жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаӊа инвестициялық саясат керек.

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маӊызды. Біз "күрделі инвестициялар" тарту үшін оӊтайлы орта қалыптастыруымыз керек. Осы жылы "Астана" Халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру салаларында өӊірлік хаб болады. Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар өӊірдегі көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде озық техникалық кадрлар, әлемдік деӊгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардыӊ жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформаларды әрі қарай жалғастыру ЭЫДҰ және басқа да халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім ішінде инвестициялық ахуалды жақсартудыӊ егжей-тегжейлі жоспарын жасап ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, инвесторлармен жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет кеӊесін құруды тапсырамын. Өӊірлерде жергілікті маӊыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға қажетті осындай кеӊестер құру керек.

Екіншіден, экономикалық өсімніӊ өӊірлік драйверлерін қалыптастыру маӊызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өӊірлерде жүзеге асырылады. Сондықтан, 6 макроөӊірлер - Оӊтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Ірі өӊірлік жобалар айналасында шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондықтан, кәсіпкерлікті қолдаудыӊ "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы макроөӊірлердіӊ инвестициялық бағдарламаларыныӊ бір бөлігі болуы тиіс. Еӊбек ресурстарыныӊ жұмылғыштығын жоғарылату бойынша, бірінші кезекте, еӊбек күші артық өӊірлердіӊ еӊбек күші жетіспейтін өӊірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала қарастыру қажет.

Макроөӊірлер "Нұрлы Жол" бағдарламасы шеӊберінде құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық құрылым аясында бірігулері тиіс. Қазіргі кезде "Орталық - Оӊтүстік", "Орталық - Шығыс", "Орталық -Батыс" шешуші бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге асырылуда. "Боржақты - Ерсай", "Алматы - Шу" теміржол желілері мен Құрық портындағы паромдық өткел құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қазірдіӊ өзінде 72 мыӊ адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкіметке аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді тапсырамын.

Сонымен қатар, экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып, қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. Меніӊ ҚХР-ға сапарым барысында ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар сомасында займ тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір мемлекеттік бюджет есебінен көптеген жолдар салынып жатыр. Бірақ, бұл жобаларға шетелдік және жергілікті инвесторларды да тарту керек. Жақын болашақта "Нұрлы Жол" бағдарламасы жобаларына жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру моделіне келтіру керек.

Үшіншіден, қазір әлемдік және өӊірлік рыноктарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз жақын жатқан елдердіӊ экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші кезекте, бұлар -Қытай, Ресей, Иран, Моӊғолия, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия және Кавказ елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5 триллионнан астам доллардыӊ тауарлары мен қызметтерін импорттайды. Еуразиялық экономикалық одаққа шешуші өӊірлік рыноктармен еркін сауда туралы келісім жасасу қажет. Үкімет аталған мәселелерді біздіӊ әріптестерімізбен бірлесіп жасап, бәріміз үшін пайдалы етіп шешуі тиіс. СІМ-ге осы міндеттерді орындау үшін Қазақстанныӊ шетелдердегі мекемелерініӊ барлық ресурстарын іске қосу қажет.

Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттыӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесініӊ моделі болады.

Бесіншіден, Қазақстан экономикасыныӊ инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Болашақтыӊ экономикасын құру үшін негіз қалау маӊызды. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтыӊ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Назарбаев Университеттіӊ "Астана бизнес кампусы" хайтек-паркініӊ базасы мен Алматыдағы "Алатау" технопаркінде қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен инновациялық кластерлері оныӊ негізіне айналады. Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бізге "жасыл технологияларға" негізделген жаӊа энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны