31.10.2016, 14:45 6789

Оӊтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 400-ге жуық отбасы таза ауыз сумен қамтылды

Жалпы ауданда 154 елді мекен болса, оныӊ 69 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Ал 2017 жылға 32 елді мекенге ауыз су тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Шымкент. 31 қазан. Kazakhstan Today - Сарыағаш ауданыныӊ Ошақты ауылдық округіндегі Саӊырау елді мекеніне таза ауыз су берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

2016 жылдыӊ маусым айында басталған ауыз су құрылысы жұмыстарын мердігер мекеме "Үш-Сай" ЖШС-і жүргізді. Бүгінде 386 отбасы таза ауыз суға қол жеткізіп, каммуналдық қажеттілік шешімін тапты.

Ел қуанышын бөлісе келген аудан әкімі Қ.Ибдуалиев Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер жайын баяндап, тіршілік нәрі келгені әрбір үйге үлкен мереке екенін атап өтті.

Жалпы ауданда 154 елді мекен болса, оныӊ 69 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Ал 2017 жылға 32 елді мекенге ауыз су тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында: Төртінші сын-қатер - судыӊ тым тапшылығы.

Илемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.

Соӊғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтыӊ ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.

Су - барынша шектеулі ресурс және оныӊ көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерініӊ бірі ретінде, қазірдіӊ өзінде геосаясаттыӊ аса маӊызды факторына айналып отыр.

Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздіӊ елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өӊірлер оныӊ зардабын қатты тартуда.

Бұл проблеманыӊ геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдіӊ өзінде біз трансшекаралық өзендердіӊ су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселеніӊ күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.

Жетіншіден, еліміздіӊ су ресурстарына қатысты жаӊа саясат тұжырымдау қажет.

Ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін бізге аса көп су көлемі қажет. Осыған байланысты біз:

Басқа елдердегі, мысалы, Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудіӊ озат тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздіӊ жағдайымызда пайдалануға тиіспіз.

Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудыӊ еӊ озат технологияларын енгізу қажет.

Агроөнеркәсіп секторында ылғал үнемдеу технологиясына кешенді түрде ауысуға тиіспіз.

Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздіӊ еӊ асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет",- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны