06.01.2010, 13:05 3124

Оңтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне пара бермек болған Түлкібас ауданының тұрғыны ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне пара бермек болған Түлкібас ауданының тұрғыны ұсталды

Шымкент. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері пара бермек болған Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтар күні Түлкібас аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданған.

Ол арызында, оны ұрып соғып, ақшасы мен ұялы телефонын тартып алғанын көрсеткен. Полиция қызметкерлері бұл істі ізін суытпай, жәбірленушінің ауылдасы болып келетін 38 жастағы азаматты ұстады.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында тонаған күдікті азамат аудандық бөлім тергеушісіне қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 40 000 теңге көлемінде пара бермек болған. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 178 "тонау" және 312 "пара беру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны