18.09.2009, 16:14 3339

Оңтүстік Қазақстан облысында қыздарды жезөкшелікпен шұғылдандыру мақсатында сатып келген әйел құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қыздарды жезөкшелікпен шұғылдандыру мақсатында сатып келген әйел құрықталды

Шымкент. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "тірі тауарды" саудаға салған 37 жастағы әйелді құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың сәуір айында, тәртіп сақшылары Түркістан қаласында өткізген арнайы шұғыл іс-шаралар барысында жезөкшелік мақсатында адам сатумен айналысып жүрген жергілікті тұрғынды тұтқындады.

"Гүлнәр" есімімен белгілі әйел қыздарды сатып алып, оларды қаладағы сауналарда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен. Қыздардың барлығын үйде қамауда ұстап, бағынбағандарға дәрі егіп, ұйықтататын болған. Тергеу барысында, қыздарды Түркістанға алдап алып келіп, 50 000 және 100 000 теңгеге сатқаны анықталды. Саудаға салынған қыздардың арасында кәмелетке жасына толмаған 1993 және 1995 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысының қыздары бар. "Гүлнәрға" ҚР ҚК 128 бабы "адам саудалау немесе тұлғаға қатысты топ құрып, алдау, арбау, тасымалдау" бойынша айып тағылып, Түркістан қалалық сотымен 5 жыл 6 ай уақытқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлерінің осы бағытта жұмысты ары қарай сәтті жалғастыруының нәтижесінде, 16 қыркүйек күні 37-жастағы "Риза" есімді күдікті әйел ұсталды. Ұсталған күдікті әйел, Шымкент қаласында қыздармен көшеде немесе дәмханалардар танысып, тірі тауарларды Түркістан қаласына алдап, немесе қорқытып алып барған. Қыздарды сол жерде саудаға салып, біраздарын облыс орталығында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

"Қазіргі кезде "Ризаның" үстінен ҚР ҚК бес бабымен қылмыстық іс қозғалды. Олар, ҚР ҚК 128-бабы "Тұлғаға қатысты алып-сату немесе тұлғаға қатысты тобымен алдау, арбау, тасымалдау", ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау", ҚР ҚК 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру", ҚР ҚК 270-бабы "Жезөкшелікпен айналысуға тарту", ҚР ҚК 271-бабы "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде",- деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны