12.03.2010, 18:09 2965

Оңтүстік Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топ құрықталды

Шымкент. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Қазығұрт ауданының полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, барымташылардың есебінде 10 мал ұрлау жәйті анықталып отыр. Бұл қылмыстық топ 2-3 ай уақыт барымташылықпен айналысып келген. Олар әрбір қылмысқа тыңғылықты дайындалып, түн ішінде жайылымдағы жылқылар мен ірі қара малдарды ұрлап, автокөлікке тиеп, базарға апарып, нақты бір ақшаға өткізіп отырған.

"Олар көбінесе Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының малын ұрлап отырған. Жалпы алғанда жәбірленушілерге 7 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Қазығұрт АІІБ-ның криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Оңтүстік Қазақстан облысының 1972 және 1984 жылы туған тұрғындары құрықталды. Күдіктілердің бірі, 38 жастағы ер азамат бұған дейін де мал ұрлығы бойынша сотты болған. Олардан айғақзат ретінде: арқан, құрық және "КАМАЗ" автокөліктері алынды",- делінген хабарламада.

"Ұрланған малдардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Осы жәйтке байланысты ҚР ҚК-нің 175 бабы "ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны