25.10.2016, 19:11 4199

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті

Конференция барысында Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ төрағасы болып сайланды.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Отырыста партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед төрағалық етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Конференция барысында Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ төрағасы болып сайланды.

Ал жаӊа төраға өзіне жүктелген сенім үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы мен облыстыӊ дамуына үлес қосуға да партия белсенді түрде атсалысатынын жеткізді.

Ширек ғасырда еліміздіӊ қол жеткізген жетістігініӊ баршасында халықтық партия - "Нұр Отан" партиясыныӊ үлесі зор екенін айтқан Оӊтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Б.Қыстауов атқарылған жұмыстар жайын баяндады.

Оныӊ айтуынша, бүгінгі таӊда "Нұр Отан" партиясы Оӊтүстік Қазақстан облыстық филиалы "100 нақты қадам" Ұлт жоспары, "Нұрлы жол" бағдарламасы және партияныӊ бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру бойынша мақсатты да нәтижелі жұмыстар жүргізіп келген.

Айта кетейік, облыстық партия филиалыныӊ есебінде 110903 партия мүшесі бар, олар 328 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Сондай-ақ, есепті кезеӊде жаӊадан 40 бастауыш партия ұйымы құрылды. Партия қатарын лайықты азаматтармен нығайту мақсатында жүргізілген жұмыстардыӊ нәтижесінде есепті кезеӊде партия қатарына жаӊадан 28939 азамат қабылданып, облыстағы партия мүшелерініӊ саны 24758-ге артты. Ал "Жас Отан" жастар қанатыныӊ облысымызда 11 аудандық, 4 қалалық бөлімшесі болса, оларда жалпы саны 23 341 мүшесі бар.

Жиында сондай-ақ, Саяси кеӊес бюросыныӊ жаӊа құрамы бекітіліп, бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары облыс активімен кездесу барысында Мемлекет басшысы белгілеген республиканы дамытудыӊ басым бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттіӊ партия алдына қойған басты міндеттерініӊ бірі - негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудыӊ сапасына қатаӊ бақылауды қамтамасыз ету, - екендігін ескертті. Еӊ алдымен, бұл теӊдесі жоқ "Нұрлы жол" бағдарламасын инфрақұрылымдық дамытуды қамтуға қатысты. Актив жиыны барысында Оӊтүстік Қазақстан облыстық партия филиалыныӊ төрағасы болып Жансейіт Түймебаев сайланды.

Сондай-ақ, актив жиынынан соӊ "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Шымкентте Оӊтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетініӊ профессорлық- оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны