17.06.2009, 18:14 2866

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары дәріхана мен ақша ауыстыру бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандардан бір күдіктіні қолға түсірді

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары дәріхана мен ақша ауыстыру бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандардан бір күдіктіні қолға түсірді

Шымкент. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары дәріхана мен ақша ауыстыру бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандардан бір күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "8 маусым күні Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби полиция бөліміне 24 жастағы азаматша арызданып келді. Полицейерге арызданушы таңғы сағат төрттер шамасында өзі провизор болып жұмыс жасайтын дәріханаға қарақшылық шабуыл жасалғанын айтты. Беттеріне бет перде киген үш ер азамат, пышақпен қорқытып, жәбірленушіні байлап сейфтің ішіндегі 150 000 теңге ақшасын алып кеткен".

Сонымен қатар, дәріхананың ғимаратында ақша ауыстыру бөлімшесі де орналасқан.

"Шабуыл жасаушылар, ақша айырбастау бөлімшесінің жұмысшысын алдап сыртқа шығарған. 39 жастағы пункт қызметкерін де қорқытып, байлап 359 000 теңге ақшасын алып, оқиға орнынан бой тасалаған",- деп хабарлайды департаменттегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ил-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезікті ретінде 20 жастағы Ордабасы ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179- бабы "қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезікті қамауға алынды. Қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстың басқа да қатысушыларын іздеу жұмыстары жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны