23.09.2016, 12:28 4679

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі "Ақ керуен-2016" мерекелік шарасына қатысты

Жерді өӊдеудіӊ жаӊа әрі тиімді тәсілін қолданудыӊ арқасында Мақтааралдағы 83 мыӊ гектардан астам жерге себілген шитті мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнім алынуда. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 34 мыӊ тоннадан астам ақ алтын келіп түскен

Шымкент. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы мақта терімініӊ барысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыс әкімі "Ақ керуен-2016" мерекелік шарасына қатысып, шаруалармен жүздесті. Кездесу барысында олар өнімніӊ түсімділігі мен сапасын және мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Жерді өӊдеудіӊ жаӊа әрі тиімді тәсілін қолданудыӊ арқасында Мақтааралдағы 83 мыӊ гектардан астам жерге себілген шитті мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнім алынуда. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 34 мыӊ тоннадан астам ақ алтын келіп түскен. Мақтааралдық дихандар биыл 200 мыӊ тонна ақ ұлпа теріп алуды жоспарлап отыр. Биыл шаруалар мақтаныӊ бір келісін 159 теӊгеден өткізуде.

Мақталы аймақта болған облыс әкімі сонымен қатар, сүт өӊдеу цехы мен май шығару цехын аралап көрді және мақта шикізатын өӊдеу процессімен танысты.

Анықтамалық ақпарат: Мақтаарал ауданы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ қиыр оӊтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерініӊ аумағы 1,8 мыӊ шақырым (облыс аумағыныӊ 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мыӊ адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы.

Ауыл шаруашылық өндірісініӊ негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оныӊ үлесіне ауданныӊ ауыл шаруашылық жалпы өнімініӊ 70,8% тиесілі, егіс аумағыныӊ 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ мақта өӊдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасыныӊ дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаныӊ 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оӊтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарыныӊ үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдыӊ 1 қарашасында Сырдария өзенініӊ үстінен халықтарға маӊызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданныӊ орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 шақырым.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны