28.10.2016, 09:26 4418

Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкімі Сайрам ауданындағы бірқатар нысандарда болды

Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар шаруашылықтардыӊ жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар шаруашылықтардыӊ жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен, әкім ауданныӊ Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі "Қайып-Ата" ЖШС-не барып, ет комбинатын аралады. Ет өндіріп, оны буып-түюмен айналысатын серіктестікте 30 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 320 тонна ет өӊдеуге қауқарлы комбинатта тәулігіне 300 бас ірі қара сойылады. Қожалық басшылығы келесі жылы кәсіпорынды кеӊейтіп, ет өӊдейтін құрал-жабдықтар қою арқылы шұжық өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

Шаруашылықтыӊ мән-жайына қанық болған Ж.Түймебаев Сайрамға жақын аудандарда бордақыланған төрт түлікті аталған ет комбинатында сойып, жұмысты орталықтандыру туралы тапсырма берді.

Айта кетейік, "Қайып ата" ЖШС-і мал бордақылау алаӊы ретінде 2011 жылы Қазығұрт ауданынан ашылған шаруашылық. Бастапқыда 1 мыӊ бас ірі қараны бордақылаған қожалықта бүгінгі таӊда 3 мыӊ бастан астам мал бар. Қыс мезгіліне дейін мұндағы ірі қараныӊ басын 5 мыӊға жеткізу жоспарланып отыр.

Мұнан соӊ, өӊір басшысы Айтеке би ауылындағы "Dala-frut.kz" ЖШС-ніӊ (Green Land) жеміс бауын тамашалады. 100 гектардан астам жерге үш жылдан бері алма және қара өрік жемістерініӊ көшеттері егілген. Баққа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған тамшылатып суғару әдісі және шпалерлі жүйе қолданылуда.

Кәсіпорын бүгінгі таӊда 1 га жер телімінде "Заманауи технологиялы сыйымдылығы 10 мыӊ тоннаға дейін көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма" жобасыныӊ құрылысын бастады. Оны соғу үшін кәсіпкер "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ сусидиялау бағыты бойынша қолдау алып отыр. Сондай-ақ, болашақта 7 га жерге қияр мен қызанаққа арналған жылыжай салуды жоспарлап қойған.

Бұл ретте, аймақ басшысы аталған қарқынды баудыӊ жұмыс тәжірибесімен өзге де аудандардыӊ танысуы қажеттігін алға тартып, мұндағы шетелдік көшеттерді ондағы шаруалар да егуі керектігін айтты.

Жұмыс сапары барысында Жансейіт Қансейітұлы жұмыс тәртібіндегі жоспардан тыс Сайрамныӊ Қарабұлақ ауылына қарасты Ұлықбек атындағы №81 мектепте болды. Ондағы жылу жүйесініӊ қаншалықты деӊгейде жұмыс істеп жатқанын бақылаған әкім электр қуатыныӊ үздіксіз беріліп жатқанына көзін жеткізді. Ақсукент ауылындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ жұмысы да облыс басшысыныӊ назарынан тыс қалған жоқ. Шағын және орта бизнесті дамытып, аудандағы кәсіпкерліктіӊ көкжиегін кеӊейту керектігіне тоқталған аймақ басшысы жүйені оӊтайландыруды жүктеді. Сондай-ақ, ол орталықта түрлі іс-шаралар өткізуді тапсырды.

Сапар соӊында Ж.Түймебаев Сайрам ауданыныӊ активімен кездесіп, аудан басшысы Самат Сапарбаевтыӊ 9 айда атқарған жұмыстарыныӊ барысын тыӊдады. Сайрамныӊ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айтылған жиында алдағы жылға межеленген жоспар жайы да мәлім етілді.

Келтірілген мәліметтерді мұқият тыӊдаған өӊір басшысы бірқатар салалар бойынша аудан басшылығына сын, ескертпелер айтты. Исіресе, Сайрамныӊ тазалық мәселесіне көӊілі толмаған Ж.Қансейітұлы облыс орталығы - Шымкентке жақын орналасқан аудан ретінде Сайрам ауданын қоқыстан тазартуды жүктеді. Сонымен бірге, жер қойнауын пайдалану жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы бойынша аудан көрсеткіші төменгі деӊгейде екенін айтқан әкім әрбір мемлекеттік қызметкер өз міндетіне жауапты болуы керектігін ескертті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны