12.10.2016, 08:36 4310

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Шымкент активініӊ бүгінге дейін атқарған жұмыстарыныӊ есебін тыӊдады

Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласыныӊ активімен кездесіп, қала әкімі және оныӊ орынбасарларыныӊ бүгінге дейін атқарған жұмыстарыныӊ есебін тыӊдады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 12 қазан. Kazakhstan Today - Кеше облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласыныӊ активімен кездесіп, қала әкімі және оныӊ орынбасарларыныӊ бүгінге дейін атқарған жұмыстарыныӊ есебін тыӊдады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алқалы кездесуде қала әкімі өӊір басшысына қалаға қарасты мемлекеттік құрылымдардыӊ басшыларын таныстырып, Шымкент қаласыныӊ 2020 жылға дейінгі бес жылдық даму тұжырымдамасы жобасындағы бірқатар мәселелер мен жаӊа бастамалар туралы баяндады.

Өз кезегінде, аймақ басшысы облыстыӊ өсіп, өркендеуі әрқашан қаламен тығыз байланыста екенін айтып, Шымкенттіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, облыс ?кімі Шымкент шаһары туристік аймақ болып табылатындықтан, қаланыӊ сырт келбетіне айрықша көӊіл бөлу қажеттігіне тоқталып, көпқабатты тұрғын үйлердіӊ қасбеті мен бей-берекет орналасқан жарнамалық билбордтарды ретке келтіруді жүктеді.

Жиынды қорытындылаған облыс ?кімі қалада білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлыныӊ Шымкентті болашақ үшінші мегаполиске айналдыру бойынша жүктеген міндеттерін одан әрі бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жансейіт Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев "Ж.Қ.Түймебаевты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметіне тағайындау туралы" 2016 жылғы 7 қазандағы №353 Жарлыққа қол қойды.

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасыныӊ Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.

ҚР Премьер-Министрі ОҚО активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына барған болатын.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оӊтүстік Қазақстан облысы активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды. Шымкентте облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ облыс әкімі қызметіне Қазақстанныӊ Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтыӊ кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активініӊ алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Жеке анықтама:

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы (1958 жыл 8 шілде) - ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасыныӊ Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорыныӊ бірінші басқарма төрағасы.

Ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан. ҚазМУ ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарыныӊ докторы ғылыми дәрежесі бар.

1993 жылдан бастап - ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меӊгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасыныӊ консулдық басшысы болып тағайындалған.

1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2004 жылдан бастап - ҚР Президентініӊ кеӊесшісі - ҚР Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2006 жылдыӊ 1 ақпанынан - Ресей Федерациясындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылдыӊ 19 қаӊтарынан - ҚР білім және ғылым министрі.

2010 жылғы 7 қазанда Түркиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасыныӊ Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқаруға тағайындалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны