08.11.2016, 18:19 3820

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағында табиғат қорғауға бағытталған іс-шара 10 қарашаға дейін жалғаспақ

Шараныӊ басты мақсаты - табиғатты қорғау заӊнамасын бұзушылардыӊ жолын кесу болып табылады. Рейд жұмыстарына полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау өкілдерінен құралған 50-ден астам жедел топ жұмылдырылды.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 1 қарашасынан бастап ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметініӊ өкілдері Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде, деп хабарлайды ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі.

Шараныӊ басты мақсаты - табиғатты қорғау заӊнамасын бұзушылардыӊ жолын кесу болып табылады. Рейд жұмыстарына полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау өкілдерінен құралған 50-ден астам жедел топ жұмылдырылды.

Өткен үш тәулік ішінде тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заӊнамасын бұзған 54 құқық бұзушылықты және 9 экологиялық қылмысты анықтады. Атап айтқанда, ағаштарды кесу, жануарлар дүниесін пайдалану және аӊ аулау талаптарын бұзу, балық аулау, күтіп ұстау қағидаларын және жасыл желектерді бұзу еӊ көп тараған құқық бұзушылықтар болып табылуда.

Мәселен, 1 қараша күні полицейлер Сарыағаш ауданы аумағындағы Келес өзенініӊ бойында ағаштарды заӊсыз кескен 1988 жылы туылған жергілікті тұрғынды ұстап, айғақ зат ретінде балта және 0,5 куб кесілген ағаш тәркіледі. Сонымен бірге, осы күнгі іс-шаралар кезінде Түркістан қаласында полицейлер сексеуіл артқан жүк көлігін анықтады. 1982 жылы туылған Түркістан қаласыныӊ тұрғынында ешбір құжат болмаған. Жүргізуші мен оныӊ жанындағы 1991 жылы туылған Отырар ауданыныӊ тұрғыны автокөлікпен бірге оқиғаныӊ мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан ҚІІБ-ге жеткізілді.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-ніӊ 340-бабымен "Ағаштар мен бұталарды заӊсыз кесу, жою немесе зақымдау" қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау заӊнамасын бұзған 45 құқық бұзушыға әкімшілік тәртіппен 130 мыӊ теӊгеден астам айыппұл салынды.

Табиғатты қорғауға бағытталған аталған іс-шара 10 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаӊтардағы "Қазақстан Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдіӊ біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз - дамыған елдіӊ негізі",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны