24.10.2016, 14:51 4960

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Кентау қаласында мүгедек жан шағын цех ашып, өзі секілді екі адамды жұмыспен қамтып отыр

Моноқала - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланыӊ экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еӊбекке жарамды халықтыӊ және өнеркәсіп өндірісініӊ негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала. Қазіргі уақытта Қазақстанда 27 моноқала бар.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Кентау қаласында мүгедек жан шағын цех ашып, өзі секілді екі адамды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Оӊтүстік-ақпаратқа" сілтеме жасап.

Жәнiбек Бердiмұратов Өзбекстанда туған. Жарық дүниеге еркiн жүрiп-тұра алмайтын 1 топтағы мүгедек болып келген.

2004 жылы атамекенге оралған Бердiмұратовтар отбасы Кентау қаласына орнығады. Жәнiбек ешқашан қарап бос жүрмейдi, еӊ бастысы, жарымжанмын деп өзгелерге қол жайып, бiреуден қаражат сұрап отырған жоқ.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетініӊ Кентау институтыныӊ оқытушысы болып қызмет атқаратын Сатылмыш Чайыр есімді түрік азаматы мүгедек жанға электромобиль жасап тегiн тарту еткен.Электр қуатымен жүретiн және күннен қуат алатын кiшкене ғана құрылғы қолмен басқарылады. Яғни аяқ күшiн қажет етпейдi. Қуат күшi 80 шақырымға дейiн жетедi, ал, күн ашық болса тоқтамай жүре беруге мүмкiндiгі бар, қозғалтқышы 3 кезеӊге бөлiнген.

Осылайша қайырымды жанныӊ көмегімен жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болған Жәнiбек Бердiмұратов "Моноқалаларды дамытудыӊ 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша берiлiп жатқан грант байқауына қатысып, 3 миллион теӊгенi жеӊiп алады. Ресейден арнайы екi станок алып келiп, шағын цехын үлкейтуде.

Бүгiнде Жәнiбек - жеке кәсiпкер. Жүруi қиындаған азаматтарға арналған балдақ жасаумен айналысады. Тапсырысқа сай кез келген салмаққа, түрлi дизайнмен балдақ жасайды. Қазiр екi адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ай сайын жалақы төлеп отыр. Айта кетерлiгi, олар да жарымжан жандар.

"Балдақ жасауды көптен берi ойлап жүретiнмiн. Қаладағы мүмкiндiгi шектеулi жандардыӊ тiзiмiн алып, мониторинг жасадым. Қазiр айына 30 дана балдақ жасаймыз. Қажеттi материалды Ресейден тапсырыспен алдырамын. Көп ізденемін. Ондағы ойым - бизнестi дамыту. Жеӊіп алған грантқа цехта жасалған тауарларын сататын дүкен ашу iсiн де қолға алып отырмын", - дейдi ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Моноқалаларды дамыту бағдарламасы 2012 жылғы 27 қаӊтардағы "Илеуметтік-экономикалық жаӊғырту - Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты" атты Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеӊберінде әзірленді.

Бағдарлама Елдіӊ аумақтық-кеӊістіктік дамуыныӊ 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерініӊ бірі болып табылады.

Бұл ретте құжат "Өӊірлерді дамыту", "Бизнестіӊ жол картасы 2020", "Жұмыспен қамту 2020" және басқа бағдарламар шеӊберінде өӊірлерді дамытуды мемлекеттiк қолдау жөніндегі шаралардыӊ логикалық жалғасы, монобейінді қалаларды дамыту шараларын шоғырландыра отырып және оларды толықтыра отырып, елдiӊ дағдарыстан кейін дамуы жағдайында ұзақ мерзiмдi негiзде дамыту болып табылады.

Моноқала - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланыӊ экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еӊбекке жарамды халықтыӊ және өнеркәсіп өндірісініӊ негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.

Моноқалалар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2012 жылғы 20 наурыздағы отырысында мақұлданған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 27 моноқала бар.

Осы қалалардағы туындап отырған проблемаларды шешу стихиялық және құтқарушылық сипатта емес, жүйелі және ұзақ мерзімді шешу жоспарлануда.

Қазақстанда моноқалалар тізбесі халық саны 1,53 млн. адамды немесе елдіӊ қалаларындағы халық саныныӊ 16,8 пайызын құрайтын 27 қаланы қамтиды, олардыӊ ішінде 16 қала тиісті аудандардыӊ әкімшілік орталықтары болып табылады, 11 қала аудан орталықтары болып табылмайды - Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сораӊ, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаӊаөзен. Олардыӊ бір бөлігі облыстық маӊызы бар қалалар болып табылады, бір бөлігі аудандардыӊ бірігуі нәтижесінде аудан орталығы мәртебесін жоғалтты.

Қазақстандағы моноқалалардыӊ тізбесін негізінен халық саны 100 мыӊнан асатын 4 қаланы (Теміртау, Рудный, Жаӊаөзен, Екібастұз) қоспағанда халық саны 50 мыӊ адамға дейін шағын қалалар құрайды.

Қала құраушы кәсіпорындардыӊ ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді:

1) қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) - Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаӊаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Зыряновск, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;

2) қала құраушы кәсіпорындар ішінара жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) - Арқалық, Жаӊатас, Қаратау, Сораӊ, Степногорск;

3) қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс істемейтін қалалар (3 қала) - Кентау, Серебрянск, Текелі.

Қазіргі күнде көптеген моноқалалардыӊ неғұрлым өткір проблемасы жұмыстыӊ болмауы болып табылады. Нәтижесінде, жұмыссыздықтыӊ және халықтыӊ өзін-өзі жұмыспен қамту үлесініӊ жоғары деӊгейі.

Орташа республикалық деӊгейді орташа қалалық деӊгеймен (2009 жылы 7,2 %) салыстырғанда жұмыссыздық деӊгейініӊ неғұрлым жоғары көрсеткіші Арқалық (9,4 %), Кентау (8,7 %), Ақсу (7,9 %) қалаларында байқалады.

Бұдан басқа, көптеген моноқалаларда экономикалық белсенді халықтыӊ үштен бірінен көбі өзін-өзі жұмыспен қамту санатына кіреді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтудыӊ неғұрлым жоғары көрсеткіштері Қаратау (49,7 %), Арқалық (49,3 %), Жітіқара (47 %), Жаӊатас (31,7 %) және Құлсары қалаларында (30,7 %) байқалады.

Бұл ретте, Жұмыспен қамту 2020, Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020 және Бизнестіӊ жол картасы 2020 бағдарламалары шеӊберінде бұдан бұрын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен, оқуын растайтын сертификаттары бар адамдардыӊ микрокредит алуға құқығы бар. Оқытуды растайтын құжаттыӊ қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

6) Бағдарламаға қатысушы жобаныӊ бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған микроқаржы (микрокредит) ұйымына микрокредит алуға арналған өтініммен жүгінеді;

7) микроқаржы (микрокредит) ұйымы жобаны бағалауды жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

Микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы жобаныӊ бизнес-жоспарын әзірлейді және уәкілетті өӊірлік ұйым Қағидаларға сәйкес өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді.

Моноқалаларды дамытудыӊ 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру 2 кезеӊде жүзеге асырылады:

1 кезеӊ - 2012 жыл (пилоттық) Пилоттық жылда Бағдарламаныӊ бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудіӊ тәртібі, тетігі және жағдайлары айқындалды, бағдарламаны іске асыруға қатысты мәселелер бойынша қолданыстағы заӊнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондай ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта және әлеуметтік секторда жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын дайындау кезінде өӊірлерге консультациялық көмек көрсетілді.

2 кезеӊ - 2013-2020 жылдар.

Бұл кезеӊде моноқалаларды дамыту бойынша толық ауқымды тиімді жұмыс жүзеге асырылады.

Республикалық бюджеттен шамамен: 2013 жылға - 38 200,0 млн. теӊге, 2014 жылға - 43 200,0 млн. теӊге, 2015 жылға - 53 900,0 млн. теӊге қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны