20.07.2006, 17:03 3017

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы әскери бөлімдерге тұрғын үй бөлу барысында заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады

ШЫМКЕНТ. 20 шілде. Kazakhstan Today. Шымкент гарнизонының аскери прокуратурасы ОҚО әскери бөлімдерде тұрғын үй бөлу кезінде бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Бұл жөнінде Шымкент гарнизоны басқарма органдарының үйлестіру мәжілісінде аскери прокурордың аға көмекшісі Бейбіт Байдалинов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Б. Байдалиновтың айтуынша, әскери бөлімдерде тұрғын үй мәселесімен айналысатын комиссия жұмысы тұралап қалған, пәтер бөлу процедурасында заңнамада көрсетілген ережелер сақталмайды. Баспана кезегінде тұрған аскери қызметкерлер тізімі пәтер берілетін кезде бұзылып, заңсыздыққа жол беріледі. Тіпті, кейбір әскери бөлімдерде баспана кезектен тыс адамдарға бөлінген.

«Соңғы екі жылда әскерилерге бөлінген 15 пәтер кезекте тұрмаған адамдарға берілген, тіпті баспаналы болған бес адам әскери қызметкер емес. Алты адам Шымкент гарнизонының жөндеу-пайдалану бөлімінің өкілдері. Бір баспана әскерге ешқандай қатысы жоқ, облыстық департамент қызметкеріне бұйырыпты», - дейді Б. Байдалинов.

Б. Байдалинов әскери прокуратура анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ескерту жасап, сотқа екі шағым түсіргенін айтты. 11 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны