03.06.2009, 15:47 1265

Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында полицейлер барымташылар тобын құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында полицейлер барымташылар тобын құрықтады

Шымкент. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында полицейлер барымташылар тобын құрықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларымен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында салонда бес жолаушы отырған "ВАЗ-21099" автокөлігі тоқтатылды. Үш азамат қашып үлгерді. Автокөлікті қарау барысында, оның артқы салонынан ет табылды. Анықтау жұмыстарын жүргізу барысында олардың жайылымнан екі жылқыны ұрлағандары анықталды. Ұрланған жылқыларды сойып, базарларға өткізу мақсатында қалаға жол жүрмек болған. Сол күні жедел уәкілдер жәбірленушілерді анықтады. Зардап шегушілер ұрланған жылқылар "Көкпар" шабуға арнайы дайындалғанын және олардың әр қайсысының құны 300 000 теңге болатынын арыздарында көрсеткен.

Қазіргі уақытта 1985 және 1984 жылы туылған бес күдікті қамауға алынды. Бүгінгі күні олардың Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарында орын алған төрт мал ұрлау жәйтіне қатысы бар екендері анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны