28.05.2019, 19:46 7979

Қорғаныс министрлігі жүйесінде 2018 жылы және 2019 жылдың 4 айында барлығы 49 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген

Павлодар облысында Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Ол әскери қызметті өткерусіз әскери билетті беру үшін делдалдар арқылы 800 мың теңге сомадағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Нұр-Сұлтан. 28 мамыр. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 1 наурызда Қазақстан Қарулы күштеріне көктемдік шақыру басталды. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес соңғы жылдары әскерге шақырылушыларға деген жетіспеушіліктің жоқтығымен қатар жас азаматтардың көпшілігінің әскерде қызмет етуге деген үлкен ықыласы байқалады. Бірақ сонда да әскери билетті белгілі бір параға алуға тырысатындарда кездеседі. Ұлттық бюромен аталған фактілердің жолы кесілуде.

Павлодар облысында Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның брифингінде мәлім болды.

Ол әскери қызметті өткерусіз әскери билетті беру үшін делдалдар арқылы 800 мың теңге сомадағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Статистикаға келсек, Қорғаныс министрлігі жүйесінде 2018 жылы және 2019 жылдың 4 айында барлығы 49 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген, 17 тұлға сотталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны