20.04.2023, 09:16 20646

"Қорғас" ХШЫО өз қызметін 24 сәуірден бастап қайта бастайды

Орталық өз қызметін үш жылдан астам уақыт бұрын тоқтатқан болатын
"Қорғас" ХШЫО өз қызметін 24 сәуірден бастап қайта бастайды
Сурет: Жетісу облысының әкімдігі
Талдықорған. 20 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап "Қорғас" ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кіріседі. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 

"Қорғас" ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Өткен үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды", - делінген әкімдік хабарламасында.

 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті. Ағымдағы жылы Қазақстан мен Қытай 565 млн доллардан астам коммерциялық келісімшарттарға қол қойды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны