23.07.2019, 23:49 14649

Орал қаласында "Жолда қабылдау" науқанының кезекші бөлімшелері қайта ашылды

19 және 20- шілдеде полиция басқармасының бірінші басшыларынан ақыл-кеңес алу мүмкіндігі туды. Бұл жыл басынан бергі осымен төртінші акция.

Орал. 23 шілде. Kazakhstan Today - Орал қаласында "Жолда қабылдау" науқанының кезекші бөлімшелері қайта ашылды. 19 және 20- шілдеде полиция басқармасының бірінші басшыларынан ақыл-кеңес алу мүмкіндігі туды. Бұл жыл басынан бергі осымен төртінші акция. Бұдан бұрынғы арыз-шағымдардың көбі оң шешімін тапқанын айта кеткен жөн. Айталық, азаматтардың шағымы бойынша жұмыс жүргізу нәтижесінде жаяу жүргінші үшін шақыру құрылғысы бар екі реттелетін жаяу жүргінші өткелі орнатылды. "Үш батыр" алаңына кіреберісте автокөлік құралдарының өтуіне жол бермейтін қоршау орнатылды. Көкшетау - Махамбет Ақын, Ромаев - Лиственная көшелерінің қиылысына жете бере жылдамдықты тежеуге мәжбүрлеу үшін жасанды кедір-бұдыр жасалды және ең жоғары жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау жөніндегі белгілер орнатылды.

Осылайша, "Жолда қабылдау" науқанының тиімділігі айқын көрініп, облыс орталығының тұрғындары мұндай жұмыстың оң нәтиже беріп жатқанын айтуда.

"Азаматтар тарапынан айыппұлдардың бар-жоғы және жол қозғалысын реттеуге қатысты көп сұрақ қойылды. Мәселен, адамдар өздеріне ыңғайлы жерлерде жаяу жүргінші өткелін орнатуды сұрайды. Біз бұл мәселені қарастырып, айтылған жерлерге барып, көріп, тексеріп, одан әрі шешім қабылдап жатырмыз. Жалпы алғанда, біз халық үшін ашық болуға тырысамыз, азаматтар өздерін қызықтырған кез-келген сұрақты қоя алады, бұл ретте полиция ғимараттарында қабылдауды күтіп отырмайды. "Жолда қабылдау" науқанының аясында оған басқарма басшылары қатысады, сол себепті азаматтар бірінші тұлғаларға алдын-ала жазылып жаспастан-ақ жүгіну арқылы олардан өздерін толғандырған сұрақтар бойынша жауап ала алады",- деді акцияның нәтижесіне тоқталған Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Плешаков.

Акция облыс орталығының түрлі жерлерінде жүйелі түрде өткізіліп отыратын болады. Акцияның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және полиция жұмысының ашықтығына қол жеткізу.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны