05.10.2009, 13:56 1530

Орал қаласында радикалдық діни ағымның белсенді мүшесінен жарғыш құрылғы тәркіленді

Орал қаласында радикалдық діни ағымның белсенді мүшесінен жарғыш құрылғы тәркіленді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Орал қаласында радикалдық діни ағымның белсенді мүшесінен жарғыш құрылғы тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ығымдағы жылдың 30 қазанында Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Орал қаласында Еуразия даңғылы бойында орналасқан "Универсам" сауда үйінің жанында радикалдық діни ағымның белсенді мүшесі - Орал қаласының тұрғынын ұстап, одан тексеру кезінде 2 грамм героин тәркіледі. Сондай-ақ, ол мінген "Фольксваген-Гольф-3" автомашинасын тексеру кезінде салмағы 470 грамм полиэтилен пакетке оралып, скотчпен байланған 4 жарғыш құрылғы; үйін тінту кезінде 13 діни кітапша, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар - "Китаб-ат-Таухид" кітабының 126 парақта көшірмесі; "Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар" нұсқаулығының көшірмесі 28 парақта; джихад жүргізу бойынша нұсқаулық; діни мазмұндағы материалдары бар 9 дана диск (оның ішінде 1 СD-де тыйым салынған сайттарға кіру кілттері бар Интернет-сілтемелері бар диск) тәркіленді.

Күдіктіге қатысты жарылғыш құрылғыларды және заттарды, қаруларды, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәркіленген әдебиеттер мен СD дискілер бойынша сот сараптамалары тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны