10.08.2019, 19:26 16453

Оралда кедергісіз бизнес ортаны дамыту бойынша кәсіпкерлермен диалог алаңы ұйымдастырылды

Орал.10 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті "Protecting business and investment" жобасы аясында өңірде кедергісіз бизнес ортаны дамыту бойынша кәсіпкерлермен диалог алаңы ұйымдастырылды.

Департамент басшысы Рустам Ақмырзаев агенттік тарапынан кәсіпкерлікті мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан араласудан және әкімшілік кедергілерден қорғау тұрғысынан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы түсінік беріп, "Бизнесті және инвестицияларды қорғау" жобасы шеңберінде кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау жолдары туралы айтып берді.

Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнес құрылымдар мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты жақсартуға қатысты өз ұсыныстарымен бөлісіп, заңды бизнес жүргізуге тосқауыл болып отырған әкімшілік кедергілер мен реттеуші заңнамадағы ақтаңдақтар мен қарама-қайшылықтар туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Өз кезегінде "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева кәсіпкерлерге жобалық кеңсенің міндеттері туралы таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, сыбайлас жемқорлық көріністерімен ымырасыздық көзқарастарын қалыптастыруда мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлесе жұмыс жүргізуінің маңызын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар бизнесті жүргізуде кездесіп отырған кедергілерді жоюға болатынын жаппай мақұлдады. Батыс Қазақстан облыстық бизнес субъектілерінен Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келіп түскен арыз-шағымдарға жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, бизнес құрылымдардың мемлекеттік органдар тарапынан жер мәселелері бойынша, сәулет және құрылыс мәселелері бойынша араласуына қатысты шағымдар барлық шағымдардың 2-3%-ын құрайды.

Олардың басым бөлігі жаңа жобаларға және бизнесті дамыту мәселелеріне қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша бизнес қоғамдастық тарапынан атап өтілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы зерттеу, мемлекеттік органдардың іс-қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны